Тақырып Биологияны оқытудың жаңа технологиялары


Өз тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін үнемі қолданудамын



бет2/2
Дата11.04.2022
өлшемі20,63 Kb.
#30574
1   2
Байланысты:
методбио12 апта (1)

Өз тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін үнемі қолданудамын:



  1. В. Ф. Шаталовтың жүйесінің ерекшелігі неде?


В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы». Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн. 1.      Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн. 2.      Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек. 3.      Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек. 4.      Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру. 5.      Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Тірек сызбаның артықшылықтары мынада: а)     оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; б)     оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; в)     оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді; г)     оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; д)     Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді. Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ: Мұғалім: -        оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; -        баға қоры молаяды; -        оқушы білімі әділ бағаланады. Оқушы: -        берік білім негізі қаланады; -        сөйлеу қабілеті дамиды; -        тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; -        танымдық процесі нығаяды; -        қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады; -        пәнге деген қызығушылығы артады; -        шығармашылығы шыңдалады. Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады. Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын — білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.


  1. Қандай сабақтарды дәстүрлі емес (дәстүрден тыс) сабақтар дейміз? Осындай сабақтарда балалардың шығармашылық

қабілеттері қалай, не себепті дамиды?

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет