Математикалық білімді бағалау нормалары



бет1/2
Дата24.05.2023
өлшемі24,56 Kb.
#96807
түріСабақ
  1   2

Математикалық білімді бағалау нормалары.
Математика сабақтарында оқушылардың төмендегідей білім, білік,
дағдылары тексеріледі:
1. Компоненттік білімі;
2. Формулаларды айта алуы және қолдана білуі;
3. Кез-келген деңгейдегі теңдеулер мен есептерді шығара білуі.
І. Математикадан оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау
Математикадан оқушылардың білімін тексерудің негізгі әдістерінің бірі-ауызша жауап алу. Берілген жауап толық деп есептелуі үшін ол нақты бір тақырыпқа өзара байланысқан, логикалық жүйеленген хабарлама түрінде болып, оқушының анықтама, ережелерді нақты жағдайларға қолдана алу біліктілігін көрсетуі керек.
Оқушының жауабын бағалағанда төмендегі критерийлерді басшылыққа алу керек:

  • жауаптың толықтығы және дұрыстығы;

  • оқығанды түсіну, сезіну дәрежесі;

  • жауапты баяндай білуі (математикалық тілі);

  • материал мазмұнының логикасын бақылау, дәлелдеуіне назар аудару.


II. Математикадан бақылау жұмыстарының түрлері
Барлық жазба жұмыстарын ұйымдастыру және тексеру оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыстарына қойылатын бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асады. Жазба жұмыстарының түрлері: бақылау жұмысы, математикалық диктант, тест және т.б.
Оқушылардың сыныптағы және үйдегі жазба жұмыстарының түрлерін ұйымдастыру және өткізу төмендегі мақсаттарды көздейтін оқыту жұмыстарын қамтиды:
1. өтілген материалды терең игеруі;
2. теорииялық материалды білуі (ережелер, формулалар);
3. негізгі теориялық білімді қолдана білуі, формулаларды есеп шығаруда
қолдана білуі, логикалық талдай білуі;
4. қорытынды жасай алуы, ӛз ойын ретімен жеткізуі және жалпылауы;
5. материалды мақсатты талдай алуы;
6. мұғалімнің қалауымен берілген үй тапсырмасын орындауы.
III. Бақылау жұмыстарын бағалау нормалары

Баға

Бағалау өлшемдері

Берілген бағаны қоюдың
шекті деңгейі

5

Барлық тапсырмалар қатесіз толық
орындалғанда қойылады. Кемшіліктер
саны 2-ден аспауы керек.




4

Келесі жағдайларда қойылады:
1) Жұмыс толық орындалған және
өрескел қате жоқ, өрескел емес қате бар
немесе 2-ден кӛп кемшілік бар, өрескел
емес қателер бар және кемшіліктер бар;
2) Төрт тапсырма толық қатесіз орындалған, ал біреуі не орындалмаған
не қатемен шығарылған.

Тапсырмалардың кейбірі
орындалмаған, 2-ден
артық кемшілігі бар.

3

Үш тапсырма қатесіз орындалған, және
қалғандарында өрескел емес қате бар.

Тапсырмалардың кейбірі
орындалмаған

2

Шығарылған әр тапсырмада өрескел қате бар.




1

Ешқандай тапсырма орындалмаған
немесе әр тапсырманың үштен бірі ғана
шығарылған.




Өрескел қателерге формула, ережелерді, теоремаларды білмеуі,оларды қолдана алмауы, есептеудегі қателер, есептің шығару тәсілін білмеуі жатады.Өрескел емес қателерге – түбірді жоғалту немесе жауабында бөгде түбірді жазуы, түбірін түсіндірусіз алып тастауы.
Кемшіліктерге–есепті қиын жолмен шығаруы, жазбай кетуі, шешу жолында түсіндірудің болмауы.
Ескерту: Біртектес қателердің де қайталануы ескерілуі керек.Біртектес қателерге бір ережені не бір формуланы бірнеше рет қолдануға байланысты жіберілген қателер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет