Компьютерде вирустардың пайда болуының негізгі белгілері:
Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;
компьютердің баяу жұмыс істеуі;
файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың ішіндегілердің бұрмалануы;файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;
дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;
бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;
компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар.
Компьютерлік вирустардың тарихы
Компьютерлік вирустың «бірінші эпидемиясы» 1986 жылы пайда болды, Brain атты вирус (ағылшынша –«мозг») компьютердің дискеттерін «зақымдады».
Компьютерлік вирустардың тарихы
Вирустың ең бірінші прототипі 1971 жылы пайда болды. Боб Томас деген программист бір компьютерден екінші компьютерге ақпаратты жіберуді шешу үшін, өз бетімен бір компьютерден басқа компьютерге «секіретін» Creeper программасын құрды. Бірақ бұл программа өз-өзінен көбеймеді, зияны болмады.
Фон Нейман және Винер программистері бірінші рет өз-өзінен көбейетін табиғи құрылымдарды зерттеді.