Тақырып: Әдебиеттану терминдері Орындаған:Қырғызбай Бекжан



Pdf көрінісі
Дата27.02.2023
өлшемі192,06 Kb.
#70261
Байланысты:
joinPdf 1e774f841768611e185b0b3e2ba63df0 17715080055354875721



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы

СӨЖ
Тақырып: 
Әдебиеттану терминдері 
Орындаған:Қырғызбай 
Бекжан 
Тексерген:ф.ғ.дАкадем Сманов Б


Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану 
ғылымының бір саласы.Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы
көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби 
тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін 
талқылап, бағыт сілтеп отыратын шығармашылық түрі. Әдебиет 
сыны — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем 
әдебиет, әдеби процесс.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, 
топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр 
жарысы.
Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, 
құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. 
Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. 
Мысалы: Асқар таудай, дардай.
Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде
қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра 
не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге 
ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік 
әдісінің бірі.
Әдебиет-араб сөзі “үлгілі сөз” деген мағынаны 
береді.Қазақша-“асыл сөз” деген ұғымды береді.
Лирика — лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем 
әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның 


көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық 
шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе 
кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-
күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет