ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы
●
СӨЖ
Тақырып:
Әдебиеттану терминдері
Орындаған:Қырғызбай
Бекжан
Тексерген:ф.ғ.д. Академ Сманов Б
Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану
ғылымының бір саласы.Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы
көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби
тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін
талқылап, бағыт сілтеп отыратын шығармашылық түрі. Әдебиет
сыны — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем
әдебиет, әдеби процесс.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,
топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр
жарысы.
Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің,
құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.
Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: Асқар таудай, дардай.
Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде
қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра
не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге
ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік
әдісінің бірі.
Әдебиет-араб сөзі “үлгілі сөз” деген мағынаны
береді.Қазақша-“асыл сөз” деген ұғымды береді.
Лирика — лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем
әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның
көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық
шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе
кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-
күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |