Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
Егер де мемлекеттің ЖІӨ>ЖҰӨ-нен артық болса, онда осы ел шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖҰӨ - А, мұнда А – амортизация.
Ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ - жанама салықтар, немесе
ҰТ= жалақы + пайда+ капитал %+ жер рентасы
Бағаның жалпы деңгейі- бұл келесі көрсеткіштердің көмегімен өлшенетін, тауар мен қызметтің көптеген топтары бойынша олардың орташа деңгейі:
Ағымдағы жыл бағасының индексі пайызда көрсетілген базалық жылдың бағасына ағымдағы жылдың бағасының қатынастары болып табылады.
Инфляция деңгейі деп өткен жылмен ағымдағы жылдағы бағаның әртүрлілігінің, пайызда көрсетілген өткен кезеңдегі бағаға қатынастары айтылады.
ЖҰӨ–нің дефляторы.
Жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіштері: жұмыс күші; жұмыссыздықтың мөлшері.
Экономиканың дамуын ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. ҰШЖ мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді сипаттайтын үш негізгі топтарға бөлуге болады: өндірістің ұлттық көлемі, бағаның жалпы деңгейі, жұмыспен қамтылу.
ҰШЖ-сін жақсы түсіну үшін нарықтық шаруашылық (агенттердің номенклатурасы) субъектілерінің жіктелімін және нарықтық экономиканың субъектілерінің арасындағы нарықтық операциялардың (операциялар номенклатурасын) жіктелімін жақсы білу қажет.
Шаруашылық агенттерін жіктелімдеу:
Қаржылық емес кәсіпорындар немесе өндірістік фирмалар.
Үй шаруашылығы.
Мемлекеттік әкімшілік мекемелер.
Қаржылық мекемелер және ұйымдар.
Шегарадан тыс (осы елдің шегарадан тыс шаруашылық агенттері).
Нарық шаруашылығындағы операциялар ауыстыру, құру немесе ігілікті бұзу, қызмет және құқық деп аталады. Операциялар номенклатурасы үш үлкен топқа бөлінеді:
Тауар және қызметтермен операциялар;