Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Экономикалық өсудің түсінігі, типтері және факторлары



бет30/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

3. Экономикалық өсудің түсінігі, типтері және факторлары.

  • Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мəңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мəселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.


  • 9.1.сурет.- Экономикалық өсу


    Сонымен, экономикалық өсу дегеніміз белгілі бір уақытқа (бір жыл) нақты ЖІӨ (немесе ЖҰӨ) көлемінің салыстырмалы өзгеруі. Экономикада потенциалды және нақты ЖҰӨ- ді ажырата білу керек. Потенциалды ЖҰӨ барлық қолдағы бар ресурстарды пайдалану, ал нақты ЖҰӨ- қолдағы бар ресурстардың бір бөлігін пайдалану. Осы тұрғыда (мағынада) нақты немесе шынайы, өнім шығару барлық уақытта потенциалды ЖҰӨ төмен болады, яғни өндіріс мүмкіншілігінен төмен.


  • 9.1.сурет.- Экономикалық өсу


    Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

    1. Пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

    2. Өндірістің сандық факторы көбейеді;


    3. 15.1 сурет- Экономикалық өсу


      Өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

      • Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі. Экономика ішкі нүкте Е- ден шекарадағы өндірістік мүмкіндігі С нүктесіне ауысады.


      • A
        Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы АВ жағдайынан А'В' жағдайына өзі жылжиды (9.2.сурет).

      • Экономикалық өсу қарқыны нақты ЖҰӨ -нің өсім қарқынымен пайыз мөлшерінде есептелінеді, әдетте бір жылға , тоқсанға, айға. ЖҰӨ өнімінің қарқыны қарастырылып отырған кезіндегі нақты ЖҰӨ мен өткен кезеңдегі нақты ЖҰӨ-ге қатынасымен анықталады:



      • Мұнда: Y1- қарастырылып отырған кезеңдегі нақты ЖҰӨ көлемі;

      • Yt-1 - өткен кезеңдегі ЖҰӨ көлемі.

      • Экономикалық өсу динамикалық жиынтық көрсеткіш және елдің экономикасының жағдайын біртұтас уақыт бойынша (ай, тоқсан, жыл) сипаттайды. Аталған көрсеткішті экономиканың жеке секторларын, салаларды, тіптен жеке кәсіпорындарды сипаттау үшін пайдалануға болады. Мұндай жағдайда сала немесе кәсіпорын өндірісінің көлемінің өсім қарқынын есептейді, ол, көрсеткіш «саланың, сектордың немесе жеке тауар өндірісінің өсуі» деп аталады.

      • Экономикалық өсудің көрсеткіші барлық уақытта оң (дұрыс) жағдайда бола бермейді. Статистикалық мағлұматтарда экономикалық өсудің нөлдік және теріс өсу қарқынын кездестіреміз.

      • Егер қарастырылып отырған кезеңде жиынтық өнімнің ұдайы өндірісінің көлемі өткен кезеңдегі көлеммен бірдей болса, онда, нөлдік экономикалық өсу. Ал, егер экономика дағдарыс жағдайында болып, ұлттық өнімнің ұдайы өндірісі толық емес, жартылай немесе бір бөлігі ғана өндірілсе, ол, экономикалық теріс өсу болады. Біздің елімізде 1990-96 жылдары осындай жағдай болды.

      • Әрине, нақты ЖҰӨ (немесе ЖІӨ) көрсеткіші экономикалық өсудің қарқынын таза көрсетеді деп айту қиын. Мысалы, елдегі адам санының өсу қарқыны нақты ЖҰӨ артық өсіп отырса, немесе екі көрсеткіш те бірдей өскенде (жалпы саны), әр адамға шаққанда жиынтық өнім төмен болса, қалай экономика қарқынды өсті деп айта аламыз. Сондықтан басқа көрсеткіштерді қолдануымыз керек.

      • Экономикалық өсуді өлшеудің үш әдісі бар:

    1. Нақты ЖҰӨ - нің белгілі бір уақытта (жыл) көбеюі;

    2. Нақты ЖҰӨ-ді жеке адам басына шаққанда көбеюі;

    3. ЖҰӨ -нің жылдық өсу қарқының пайызы.

      • Экономикалық өсу- әл-ауқаттылық деңгейінің жоғарылауының негізгі шешуші факторы. Осының нәтижесінде игіліктерді тұтынуды жоғарылатуға, жұмыс апталарын қысқартуға т.с.с. мүмкіншілік жасалады.

      • Экономикалық өсуді сипаттайтын индикаторлар болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсуі, халық табыстарының нақты өсуі, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жəне ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт жəне сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестицияларлың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар жəне көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

      • Экономикалық өсудің типтері мен факторлары

      • Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті және аралас.



      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет