Факторлардың өсуімен қатар техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық өсудің факторлары
Тікелей факторлар:
Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
Негізгі капиталдың саны мен сапасының өсуі
Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі
Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
Қоғамдағы іскерлік қабілеттің өсуі.
Сұраныс факторлары - өсіп жатқан өндіріс көлемін өткізу мүмкіншілігі, тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, пайда салығының, ресурстар бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
Бөлініс факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
Экономикалық өсу үлгілері жоғарыдағы аталған факторларға тәулігіне байланысты. Экономикалық әдебиетте әртүрлі үлгілерді ұсынды. Олар: Ч.Коббо-П. Дуглас үлгісі, Р.Солоу үлгісі, А.Тинберген үлгісі, Рой Ф.Хоррод –Е. Домар үлгісі. Жоғарыда келтірілген экономикалық өсу үлгілерін екі топқа бөлуге болады: көпфакторлы және қосфакторлы үлгі.
Көпфакторлы үлгіде экономикалық өсуге барлық жоғарыдағы аталған факторлар әсер етеді, сондықтан, өзара іс-әрекеттері өндіріс мүмкіншілігінің қисығын береді. Факторлардың тіркестігі өндірілдген өнім варианттарының санына әсер ететінін көрсетеді. Ұсыныс факторларының қай-қайсысының әсерінің күшеюі өндіріс мүмкіншілігінің оң жаққа ығыстырады.