Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары –



бет41/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.

  • Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтан болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

  • Жұмыссыздықтың осындай экономикалық және экономикалық емес зардаптарының болуы, еңбек нарығына мемлекеттің араласуын әрдайым талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын реттеуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық саясатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс күндерін және демалыстарын ұйымдастыру және т.б) реттейтін заңдылық жүйесін әзірлейді.

  • Еңбек нарығын реттеудің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • - толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, бұл жерде жұмыссыздықтың «табиғи» деңгейін сақтай отырып, циклдік жұмыссыздықты болдырмау;

  • - экономикалық дамудың ішкі және сыртқы өзгерістеріне тез бейімделе алатын «икемді еңбек нарығын» қалыптастыру, бұл жерде жұмыс істеуге ынталы әрбір азамат өзінің қабілетіне қарай жұмыс орнын таба алуы тиіс.

  • Еңбек нарығын мемелекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады:

  • 1. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталадыру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар.

  • 2. Жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар.

  • 3. Жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар.

  • 4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарламалар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар).

  • Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемлекеттің саясаты енжар болып табылады.

  • Белсенді саясат әрқашанда жұмысбастылыққа қол жеткізуге бағытталады және дамыған елдерде еңбек нарығының басым бағыттарына жатады.

  • Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:

    • экономикаға инвестициялардың қиылуын мемлекеттік ынталандыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектеседі;

    • құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту және олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;

    • еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу және оларды дамыту, бұл шара фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттар мен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

    • жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды әдісі болып саналады;

    • жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін, мемлекеттің салықтық және заңдық шаралар арқылы ынталандыру;

    • қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

    • жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекенжайын ауыстыруына көмектесу;

    • халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбастылық мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шараларын жүргізу;

    • білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салаларында жұмыс орындарын ұйымдастыру;

      • Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қолғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесідей кепілдемелер беріледі:

    • материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру;

    • тегін медициналық қызмет көрстеу.

      • Дамыған елдерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұмыссыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асырылады және сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі шығындарын қамтамасыз етеді.

      • Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады.



      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет