Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет49/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

Енжар ақша-несие саясаты – бұл мемлекеттің бюджет-салық саясатын жүзеге асыруынан туындаған ақша параметрлерін өзгерту.

  • Белсенді ақша-несие саясаты – бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекеттің ақша-несие саясатының ерекше құралдарының көмегімен ақша нарығына әсер етуі.

  • Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы және шектеуші.

  • Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) бұл ақша ұсынысын арттыру және ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат.

  • Шектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция)экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға және ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.

  • Экономиканың циклдік ауытқулары мен толқуларын жұмсарту және қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк ынталандырушы немесе шектеуші ақша-несие саясатын жүргізу барысында өз қарамағында жоғарыда аталып өткен құралдар кешенін қолданады.

  • Өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың өсуі жағдайында Ұлттық банк «жұмсақ» ынталандырушы саясатты жүргізеді, мұны басқаша, «арзан ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі:

    • есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) төмендету;

    • міндетті резервтер нормасын төмендету;

    • халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сатып алу.

      • Осындай шараларды атқарудың нәтижесінде коммерциялық банктердің артқы резервтері көбейеді, олардың несиелік мүмкіндіктері кеңейеді, жалпы алғанда елде ақша ұсынысы өседі. Ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесін төмендетеді, ал соңында инвестициялардың өсуі орын алып, ұлттық өндірістің көлемі артады.

      • Экономиканың қызып кетуі жағдайында, яғни экономика артық шығындар мен инфляцияға тап болғанда Ұлттық банк «қатаң» ақша-несие саясатын іске асырады, мұны басқаша, «қымбат ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі:

    • есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) жоғарылату;

    • міндетті резервтер нормасын арттыру;

    • халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сату.
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет