тақырып. Есептің ғылым ретінде қалыптасуы (19-шы ғасыр – 20-шы ғасырдың басы) – сағ



бет2/2
Дата27.04.2022
өлшемі19,05 Kb.
#32453
1   2
ломбардтық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884) болды. Ол құқықтық және экономикалық мақсаттағы есептің үлкен синтезін жасады. Сонымен бірге бухгалтерлік білімдерді және концептуалды негізгі есептеулердің категорияларын бір жүйеге келтірді. Оның негізгі еңбегі 1840 жылы шықты. Мэлис және Пламени осы жылды бухгалтерлік ғылымның пайда болуы деп есептеді. Білімі бойынша юрист қаржылық орындардың қызметкерлері жан-жақты білімі бар адам (пармен жүретін машиналар және математикалық еңбектердің аудармасы кітаптарының авторы Вилла) өзінің барлық әріптестері бухгалтерияны тек қана шоттарды және штабты жүргізу өнері деп сөз етті. Дегенмен, бухгалтерияны ғылым деңгейіне көтерілу үшін өзінің принциптері мен категорияларын зерттеу керек деп есептеді, және ол жөнінде қателеспеді. Тәжірибеде ол шоттар мен кітаптарды жүргізудегі экономикалық - әкімшілік кешен (комплекс) деген түсінікке ие. Оның мақсаты шаруашылықты ұйымдастыру мен мүліктерді бақылау.

Бақылау дегеніміз – ол құндылықтардың сақталуын және оның қолданудың тиімділігі, резервтерді өлшеу шығындарды аз жұмсау арқылы максималды нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл жағдайды Вилла италиялық бухгалтерияның атасы Лилистің айтуы бойынша жасады.

Вилла бухгалтерлік есепті 3-ке бөлді:


    1. Экономикалық-әкімшілік қатынастар (есептің теориясы);

    2. Регистрлерді жүргізу ережесі және оны тәжірибеде қолдану;

    3. Басқаруды ұйымдастыру және шоттарды ревизиялау.

19-шы ғасыр – 20-шы ғасырдың басы кезеңінде Италияда бухгалтерлер есеп жүргізу ғылымының негізін іздеді, ал Германияда ғылым есептің өзінен шығатын ішкі себептерге сүйенсе, Францияда Жан Густав Курсель-Сенель (1813-1892) - Ж.Б. Сэйя мен Э. Дегранж ізбасарларының бірі -бухгалтерлік есептің тұжырымдамасын қолданбалы экономика мен оларды басқару тәсілі ретінде жасады. Сонымен қатар, ол есептің үш салалық: саудалық, өндірістік және ауыл шаруашылық түрлерін тұжырымдау үшін көп жұмыс атқарды. Сол кезден бастап бухгалтерлік есептің экономикалық түсіндірмесі қалыптаса бастады. Оның мақсаты - кәсіпорындағы әрбір объектінің жұмыс істеу тиімділігін жете білу (зерттеу). Ол шығындар мен калькуляция есебі туралы ілімді жасады. Өнімнің өзіндік құны тікелей (ерекше) және жанама (жалпы) шығындардан тұрады. Өткізу бағасы осылардың деңгейінен төмен болмауы керек.

Э. Леоте мен А. Гильбо есеп жүргізудің үш түрлі доктринасын ұсынды:

1) арнайы логика әзірлеумен, объектілерді сыныптаумен және т.б. байланысты;

2) әлеуметтік - таптық мүдделерді салыстырады;

3) экономикалық - есептік ақпарат көмегімен шаруашылық процестерін басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл есеп жүргізу доктриналары әлемдік бухгалтерлік әдебиетте бухгалтерлік есептің таза экономикалық бағытын құруға негіз болды.

Юристік теория бойынша Дегранждың ережесі: «Алған адам дебеттелінеді, ал берген адам кредиттелінеді». Міне, осыдан бухгалтер юрист емес, экономист деген мәлімдеме жасады. Прудон бұл туралы көптеген көзқарастарды түсіндірді. Ол көптеген жетістіктерге жетті. Есептің мақсаты – шаруашылық тиімділікті шығару екенін дәлелдеді.

Франциядағы бухгалтерлер «Тауар алу – ол шығынды айналдыру; барлық құндылықтар өзіндік құны бойынша есептелуі тиіс; активтік баланстар шығын бойынша анықталады» деген есеп теориясын қарастырды.

Италияндық мектеп пайданың көп бөлігін меншік иесіне байланысты десе, ал француз мектебі «Пайда тек ақша болып табылады» деп есептеді. Олар “ақша жоқ болса, пайда да жоқ” деді. Мысалы, тауарды өткізген кезде, олар үшін төлем түскенге дейін тауарды сатып алушыға сатылды немесе пайда алынды деп есептеуге болмайды.

Неміс мектебінде есепті екі циклға: саудалық және өндірістік бухгалтерияға нақты бөлу жүрді. Эйген Шмаленбах (1873-1955) саудалық бухгалтерия - борыштар мен міндеттемелерді, ал өндірістік-шаруашылықтың ішкі процестері (көбіне, төрт бөлім атап бөлінеді - жалақыны, материалдарды, өзіндік құнды, нәтижені есептеу) бақылайды деп көрсетеді.

Неміс мектебінде жазбаларды тізбектеу, есепті жүргізу нысанын құрастыру тәртібіне байланысты сұрақтарға үлкен мән берілді. Оның көрнекті өкілдері И.Ф. Шерр, Ф. Гюгли, Г. Никлиш және басқалар болды. Бұл мектепте итальяндық және француздық мектептердің қабылдағанындай шоттан басқа емес, баланстан шотқа өту тән болды. Бұны неміс авторлары былайша түсіндіреді: дебет пен кредиттің мәні активтік немесе пассивтік шоттарға байланысты өзгереді (екі қатарлы шоттар теориясы). Алдынғы мектептерден ерекшелігі олар кез келген шоттың дебеті мен кредиті сапалы біртектес өріс деп түсіндіреді. (бір қатарлы шотттар теориясы).

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында өндірістің өсуіне және акционерлік қоғамдардың пайда болуына байланысты баланс жүргізу бағыты дүниеге келді. Оның дүниеге келуіне құқықтық арнайы саласын - баланстық құқықты жасаған заңгерлердің іс-әрекеті; балансты бухгалтерияның іргесін қалаушы негізгі тұжырымдама ретінде насихаттау; акционерлерді негізгі есепті форма тетігі - баланспен таныстыру қажеттігі себепші болды. Балансқа мынандай талаптар қойыла бастады: дәлдік; толықтық; айқындық; шынайылық; сабақтастақ; баланс тұтастығы. Германияда баланс-бруттоны (бөлінбеген пайданы көрсете отырып) және баланс-неттоны (бөлінген пайда көрсетіліп жасалған) бір-бірінен ажыратып тани бастады.

Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүйесі қалыптасып, Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептің алғашқы теоретигі болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік.

Өндірістік есеп түріне тек өндіріске қатысты үш шотты «Материалдар», «Өндіріс» және «Дайын өнім» шоттарын жатқызған және бұл шоттарда есеп натуралды өлшеммен жүргізілген. Ал бухгалтерлік есепке қатысты «Тауарлар» шотын қарастырып, материалдар сатып алынғанда бұл шотты дебеттеп, дайын өнім сатылғанда кредиттеп, ақшалай өлшеммен есебін жүргізуді енгізген. Мұнда «Тауарлар» шотында аралас, яғни материалдық қорларға қатысты да, дайын өнім және қаржылық нәтиже (пайда мен зиян) есептері қатар жүргізілген.



Өндірістік есептер тек заттай ғана бейнеленді: ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жүйемен ұсынылды. «Өндіріс» есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе қойган жоқ еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет