тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы



бет5/16
Дата11.10.2022
өлшемі53,75 Kb.
#42381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс 8

Тілдер

Сөздер

Қазақ

Көл, жұлдыз, төрт, мен, тас, қолдар

Ноғай

Көл, юлдыз, дөрт, мен, тас, коллар

Қарақалпақ

Көл, жулдыз, төрт, мен, тас, қоллар

Қырғыз

Көл, жылдыз, төрт, мен, таш, колдар

Татар

Кул, йолдыз, дүрт, мин, таш, куллар

Башқұрт

Кул, йондуз, дурт, мин, таш, құлдар

Өзбек

Көл, юлдыз, турт, мен, таш, қуллар

Ұйғыр

Көл, юлдыз, төрт, мән, таш, қалдар

Әзірбайжан

Көл, улдуз, дөрт, мән, даш, галлар.

Көне түркі жазбалары.
Қазақ тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады:
1. Көне түркі және Орхон- Енисей- Талас кезеңі. Бұл кезеңнің әдеби тілін көрсететін материалдар – УІ-УІІІ ғасырлар арасында жазылған руникалық жазба ескерткіштер.Оларға Күлтегін, Тоныкөк,Біл Қаған, Мойыншорға арналып қойылған ескерткіштердегі жазбалар жатады.
2. Араб басқыншылығынан кейінгі кездегі Қараханид кезеңі.
Бұл кезеңнің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын материалдарға Жүсіп Баласағұнның “Құдатғу білік” (“Құтты білік”) атты поэмасы, Махмүд Қашқаридың “Диуани лұғат-ат түрік”(“Түркі сөздерінің жинағы”) атты лингвистикалық еңбегі, Қожа Ахмет Йасауидің “Диуани хикматы”(Даналық кітабы”) шығармасы, Ахмет Йүгінекидің “Һибат- уль- хаканк” (“Ақиқат сыйы”) атты еңбектері жатады.
3. Монғол шапқыншылығынан кейінгі орта ғасырлық кезең.
Бұл кезеңдегі тілдік ерекшгеліктерді көрсететін м атериалдарға Хорезмидің “Мұхаббатнама”, Құтбаның “Хұсрау- Шырын”,Сайф- Сараидың “Гүлистан – бит- түрки” (“Түркі тіліндегі Гүлістан”), Рабғузидың “Қисса – сүл- әнбия” еңбектері, қыпшық жазбаларының бірі – “Кодек куманикус” сөздігі жатады. Бұл кезең уақыты жағынан ХІІІ-ХУ ғасырларды қамтиды.
( С.Исаев Қазақ әдеби тілінің тарихи” кітабынан.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет