1.3 Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидшілдік XIX ғасырдың екінші жартысы-XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне де терең әсер етті. Қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге алып келді.
Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Патша үкіметінің кемсітушілік саясатына қарамастан XIX ғасырдың аяғы-XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалды күштері дамуында жаңа кезең болып табылады.
Қазақстандағы білім беру жүйесіне келсек мұсылман мектептері мен медреселер байырғы ұлттардың балаларына білім беретін негізгі, ал Ресей отарлауына дейін бірден—бір оқу орындары болды.
Мұсылман елдерінде орын алған модернизациялық үдерістердің ең бір айтулысы жәдидшілдік қозғалыс екендігі белгілі. Қозғалыстың негізін салушы қырым татарларынан шыққан атақты ағартушы Исмаил Гаспралы болып табылады.
Жәдидшілдердің мақсаты:
Мұсылмандық білім жүйесін модернизациялау;
Дәстүрлі мұсылмандық білім берудің кемшіліктерін сынға алу;
Медресе бағдарламасына орыс және еуропа тілдерін жаратылстану пәндерін, математика, география және т.б. пәндерді енгізу;
Түркі халықтарының ұлттық сана-сезімін көтеру.
Жәдидшілдік түркі тілі мен әдебиетін дамытуды, зайырлы пәндерді үйретуді, ғылым жетістіктерін пайдалануды, әйелдердің теңдігін қолдайтын ағартушылық қозғалыс болды. Жәдидшілдіктің ағартушылық және реформаторлық талпыныстары мектептегі білім беруді ғана емес, ұлттың рухани мәдениеті саласын тұтастай қамтығандығын атап көрсету қажет.
Патша үкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды. Олар қазақ халқының арасына исламшылдық пен түрікшілдік идеяларды таратушы қамалдар деп санады. 1874 ж. Халық ағарту министрлігіне бағындырылды1876 ж. мұсылман мектептерінде орыс сыныптары ашылды
Медреселерде жаңаша оқу бағдарламалары енгізіле бастады. Оның құрамында:
Араб тілі, грамматика, морфология, синтаксис, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым, ғылыми-мәдени пікірсайыстар;
Дінтану мен заңтану – Құранның мазмұны, құқық, діни ережелер, мұрагерлік заңы;
Философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары болды.
Ресей билігінің Қазақстанда оқу ағарту ісінің дамытуда тұрған міндеттері:
Орыс қоныстанушыларының бастауыш білім алуға деген талабын қанағаттандыру;
Табиғи байлықты игеру үшін білімді мамандар даярлау;
Отарлау жүйесінің басқармасы, болыстық, уездік, облыстық әкімшілік үшін сауатты адамдар,
Бастауыш мектептер – приход мектептері, орыс және орыс-қазақ мектептері, ауылдық сауаттылық негіздерін үйрететін мектептер
Орта оқу орындары – реалдық училищелер, гимназиялар, мұғалімдер семинариялары. 1871 ж. – Семей, Орал – қыздар, 1876 ж. Верный, Орал ерлер гимназиялары
Арнайы маман даярлайтын оқу орындары – мұғалімдер, даярлайтын, ауыл шаруашылық, қолөнер мектептері.
Осы оқу орындарын тәмамдаған қазақ жастарының Ресей жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіншіліктері пайда болғанын атап өткен жөн. Жоғарғы білімді алғашқы қазақ жастары Мәскеу, Петербор, Қазан, Том қалаларындағы жоғары оқу орындарының түлектері болды: Қазан университетінде XIX ғ. 70 ж.-1917 жж. 25 қазақ оқыды (М. Қарабаев, М. Чумбалов, А. Беремжанов,Ә. Алдияров т.б.); Қазан мал дәрігерлік институты