Тақырып: Жапырақтың морфологиялық құрылысы. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Дәрістің мақсаты


Астық тұқымдастар жапырағының мезофилі бағаналы және борпылдақ ұлпаларға жіктелмеген, бірыңғай ассимиляциялық ұлпа – хлоренхимадан тұрады



бет5/5
Дата10.10.2022
өлшемі23,15 Kb.
#42222
1   2   3   4   5
Астық тұқымдастар жапырағының мезофилі бағаналы және борпылдақ ұлпаларға жіктелмеген, бірыңғай ассимиляциялық ұлпа – хлоренхимадан тұрады.
Қылқан жапырақтылардың көбі орман зонасының құрылық бөлігін алып жатқан қылқан жапырақтылар орманын ( тайга ) түзеді. Орман аймағының бұл бөлігінің табиғат жағдайы қатал. Сондықтан солтүстік ендіктерде өсетін қылқан жапырақтылар қыстың аязына, ал оңтүстікте таралған қылқан жапырақтылар ауа мен топырақтың құрғақтығына ( ылғалды субтропиканы есептемегенде ), ауаның жоғары температурасына төзімді болады. Осыған байланысты қылқан жапырақтылардың солтүстік, сондай-ақ оңтүстік ендіктерінде таралған өкілдеріне жапырақтардың ксероморфтық құрылымы тән. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Оның мерзімі 2-3 аптадан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа созылады. Көп жылдық өсімдіктерде жапырақтар тіршілігі оның өстік мүшелері – сабағы мен тамырына қарағанда ұзаққа бармайды. Бұл ерекшелік қалыптасқан жапырақ ұлпаларының қайтадан жаңармауына және салыстырмалы қысқа уақыт ішінде фотосинтез жүруін белсенді атқаратын мүше қызметіне байланысты.
Жапырақтар тіршілігінің ұзақтығына, жапырақтың бүршікті жарғанынан бастап үзіліп түскенге дейінгі мерзім ( яғни жапырақтың бүршік сыртындағы даму кезеңі ) ғана есепке алынды. Дегенмен, көптеген өсімдіктерде жапырақ төмпешіктерінің пайда болуынан бастап жапырақ алақанының жазылуына дейінгі уақыт, бүршік ішіндегі даму кезеңінің ұзақтығы бүршік сыртындағы дамудан ұзағырақ болатыны байқалады. Мысалы, емен, жөке, қайың, бересклет және т.б. жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталарда жапырақ бастамасының негізі қаланып, оның бүршік ішінде дами бастауы мамыр, тамыз айлары ішінде жүреді. Ал келесі жылдың сәуір, мамыр айларында бүршік ашылып, жапырақ алақаны жазылады, яғни бұларда жапырақтың бүршік ішінде даму кезеңі 9-12 айға созылады да, жапырақ алақанының жазылуынан түсуіне дейінгі уақыт 4-5 ай ғана өтеді. Арктикалық талдардың бүршік ішіндегі даму фазасы 2,5 жылға дейін, ал бүршік сыртындағы дамуы 2-3 айға ғана созылады.
Жапырақ тақтасы эпидермадан, мезофилден, өткізгіш шоқтарынан (жүйкелерден) тұрады.
Буктың жапырағының үстінгі эпидермисінің клеткаларының кутикуласы астыңғы эпидермасының клеткаларының кутикуласына қарағанада біршама қалың болып табылады. Үстінгі эпидермасында устьица аппараттары болмайды. Үстінгі эпидерма мен астыңғы эпидщерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мезофилл жатады. Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған, тығыз орналасқан және клетка аралық қуыстары болмайды. Бұл бағаналы (полисадная) паренхима. Онда негізінен фотосинтез процесі жүреді. Астыңғы эпидермаға жақын жерде клетка аралық қуыстары үлкен, біршама дөңгелектеу болып келген клеткалар - борпылдақ паренхима орналасады. Оның негізгі атқаратын қызметі - газдың алмасуын және судың булануын (транспирация) реттеу болып табылады. Мезофиллде бір-бірінен қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі жүйке үстінгі эпидермистен астыңғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалықдығының барлығын түгелдей дерлік алып жатады. Ксилема жапырақтың үстінгі бетіне қарай, ал флоэма астыңғы бетіне қарай бағытталған. Яғни бұл жабық коллатеральды шоқ. Ол склеренхиимамен қапталған. Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима жатады. Жүйкенің тармақталуының қатары жоғарылаған сайын, шоқтан біртіндеп оның флоэмаллық бөлігі жойылады да, қарапайым формаға келеді. Сонымен, буктың жапырағының дорсальды (арқа) және вентральды (астыңғы) әр түрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әр түрлі болады.
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет