Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет3/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Білім беру жүйе ретінде. Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелері (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі.
Бірақ білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп тануға негіз бола алмайды. Себебі жүйе дегеніміз кез келген объектілердің жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Ең алдымен деңгейлеріне, профильдеріне қарамастан жүйені және оған кіретін құрамды бөліктерді сипаттайтын жалпы, инвариантты сапалардың болуы қажет. Мұндай сапаларға икемділік, тұрақтылық, болжамдылық, тұтастылық, сабақтастық, вариативтілік, динамикалық сапалар жатады. Білім беру жүйесі икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін берік ұстануы маңызды. Жоғарыда аталған сапалардың өзі білім беру жүйесінің күрделілігін көрсетеді.
ҚР «Білім беру туралы» Заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:
1. білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы;
2. білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;
3. білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдары мен оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады.
Біріншіден, білім беру жүйесі тарихи қалыптасқан бір-бірімен сабақтасқан және біртіндеп бірі-біріне ауысатын білім беру парадигмаларынан туындайды.
Екіншіден, білім беру жүйесі болашаққа бағытталған, себебі білім беру мекемелерінің түлектері өздері білім алған жағдайлардан өзгеше, жаңа жағдайда өмір сүріп іс-әректпен шұғылданады.
Білім беруді жүйе ретінде анықтауда жеке тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасы маңызды орын алуда. Бұл тұрғыдан білім берудегі бұрынғы көп жылдар бойы қалыптасып қалған, қатал орталықтандырылған басқару, қатаң тәртіп орнаған жүйенің тұрақсыздығы байқалады.
Қазір білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттіліктеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасының ауысуы байқалады.
Білім беру мекемелері төмендегідей деңгейлер бойынша сарапталады:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,

  • орта білім беру,

  • орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру,

  • жоғары кәсіптік білім беру,

  • жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет