Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет55/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның жеткен жетістіктері оның қабілеттіліктерін бағалатып, өз күшіне деген сенімдерін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырып отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ойша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» -деп адам өзіне жақсы мақсаттарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жақсылық жасаймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбиелеймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті нәтижесін күттірмейді.
Сонымен қатар болашақ ұстаздарға өздерін-өздері тәрбиелеуге мүмкіншіліктерін зерттеп көру үшін В.Пекелистің ««Адам қабілетінің қайнары» атты кітабына жүгінулеріне болады.
Адам өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру арқылы жақсы жетіле алады. Өзіне-өзі бұйырық беру көбінесе төтенше жағдайларда орын алады. Аталған тәсілдердің барлығы психология заңдылықтарымен, адамның миының физиологиялық құрылысымен түсіндіріледі.
Адамның ғажайып мүмкіндіктері бар екені белгілі. Бірақ олардың барлығы тежеуіш, қорғанғыш механизмдерімен бейне бір тізбек секілді тұйықталады.
Метеп ісінде реформалау жүргізуде мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру сұрақтары әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім кәсіби құзіреттерді, іскерліктер мен дағдыларды, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қалыптастыруы аса маңызды. Ұлы неміс педагогы А.Дистервег «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барлық өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне өзі ғана жақсы көмек көрсете алады.
К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеумен жақсы айналысқан педагогтардың бірі. Ол өз тұлғасын жетілдіруде мынандай факторлар көмектескенін атап көрсетеді:

    1. Сабырлық сақтау.

    2. Түзу сөйлеу, түзу жүру.

    3. Әрбір істі ойлап істеу.

    4. Тез шешім қабылдай алу.

    5. Өзі туралы қажетсіз ештеңе айтпау.

    6. Өзіңе ұнайтын нәрсемен шұғылдану.

    7. Әрбір кеш сайын өзіңе есеп беру.

    8. Мақтанбау т.б.

Ұстаздық жұмыспен айналысатын адамдар өзін-өздері тәрбиелеу арқылы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабыр сақтауға, өз ерігі мен эмоциясын басқаруға үйренеді және осылайша өз мінезіндегі кейбір жағымсыз жақтарынан арылады. Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз ерігін өзіне бағындыра отырып байыппен әдепті сақтау негізінде педагогикалық қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасау және оны іске асыру өте жауапты да күрделі іс. Адамның жауапты міндеттерді шешуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады.
Мысалы кейбір мұғалімдер өз жұмысындағы кемшіліктерді оқушылардың тәртібінің нашарлығынан, балалардың тәрбиесіздігінен көреді. Жасы ұлғайған сайын адам өмірінде өзі туралы жеке түсінігі қалыптасады. Адамның өзі туралы түсінігі өзіне маңызды бола тұрса да, сырт көзге басқаша көрінуі мүмкін. Өзінің сүйікті бейнесіне, өз кемшілігіне сыни тұрғыдан қарамауы салдарынан, адамның өз қатесін елемеуі мүмкін, ондай адамдар өзінің жеке басына шаң жуытпайды, өзінің істегенін ғана дұрыс деп есептейді. Бірақ оның жеке пікірі, көпшіліктің пікірімен сәйкес келе бермеуі мүмкін. Сондықтан да әр мұғалім өзін жүздеген, мыңдаған сәби көздері бақылайтынын, әр минут, әр сағат сайын үздіксіз сын үстінде болатынын есте сақтауы қажет.
Адам өміріндегі сәттіліктер кездейсоқ нәрсе емес. Оның өзі адамның қандай өмірлік позицияны таңдағанына, өмірдегі мақсаты қандай екендігіне байланысты. Егер адам өмірінде дұрыс ойластырылмаған зор мақсат болмаса, онда сәтсіздіктер де жиі кездесуі мүмкін. Ерік күреспен, қиындықты жеңумен келеді. Бұл ерікті дамытудың басты бағыты. Ерікті шынықтыру – зор еңбек. Л.Н.Толстой: «Ұрыста кім жеңемін деп батыл шешімге келсе, сол жеңеді» дейді.
Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп беру қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, өз бойыныздағы ең үш жағымсыз жақтарыңызды дәптеріңізе жазыңыз:
1) Жалқаулық,
2) Көнгіштік,
3) Ұялшақтық.
Сонан кейін осы жағымсыз жақтардан арылудың өзіндік бағдарламасын жасап көріңіз. Қазіргі кезде адамның өзімен-өзі жұмыс істеуіне көмектесетін көптеген газет-журналдарда сауалнамалар, тесттер кездеседі. Соның бірі ретінде «Наука и жизнь» журналынан алынған мынандай тестті қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет