Экалогиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары: Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін оқушылардың мінез құлқына тәрбиелеу
Қоршаған ортаға жауапсыздық пен қараушыларға жол бермеу.
Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру:
(А) тұлғаның мінез-құлқында;
(Ә) қоғамдық пайдалы еңбекке және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
(Б) экологиялық білімді насихаттауда;
(В) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өедірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығына ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам. Тағы басқа. Жасайтын табиғат заттарын қалай пайдаланумен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңіне фенология лық бақылау жүргізу; метеппен және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Оқушылардың негізгі экологиялық жұмыстарының түрлері.
-көшет мтериялдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды өрттен қорғау, орман тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.
-пайдалы хаиуандарды қорғау олардың есебін алу.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
Өмірде және нақты еңбек іс- әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.