Тақырып: Көркемдік іс-әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктері Қарастырылатын сұрақтар



бет1/2
Дата28.10.2022
өлшемі40,24 Kb.
#45990
  1   2
Байланысты:
5 СРС Бейнелеу әрекеті және АРТ терапия


Тақырып: Көркемдік іс-әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктері
Қарастырылатын сұрақтар:

  • Бейнелеу оқу қызметін ұйымдастыру да жаңа технологияларды пайдалану.

  • Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар.

  • Жобалау әдісінің теориялық позициясы.

Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыруда тұлғаға бағдарланған тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді, жобалау және зерттеу іс-әрекетін пайдалану арқылы жүзеге асыру көзделеді.
Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Бейнелеу іс-әрекетінің тақырыбын таңдау, оны орындаудың тиімді жолдарын ойлану, іздеу және оның маңызы мен мәнін шығармашылық бағытта шешу жолдарының қарастырылуы;

  2. Нәтижеге жетуде бірлескен іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру жұмыстарын орындауға бағыт-бағдар беру;

  3. Балалардың өздігінен дербес әрекет етуі үшін таңдалған тақырыпқа сәйкес іс- әрекеттің орындалу ретімен таныстыру: ең алдымен нені орындау, одан кейін неге көңіл бөлу, үлкен бөліктер мен ұсақ бөліктерді үлестіру, жалпы мазмұнның дұрыс шығуына мән беру (жеке, жұппен және топпен жұмыстар);

  4. Жобаның (іс-әрекеттің) мазмұндық бөлігінің құрлымын жүйелеу (нәтижеге жетудің кезеңдерін нақтылу);

  5. Зерттeу әдістерін тиімді пайдалану: мәселені анықтау, оның мақсаты мен міндеттерін нақтылау, оны шешудің болжамын жасау, зерттеу әдістерін талдау, соңғы нәтижені безендіру, алынған мәліметтерді өңдеу түзету қортынды жасау; 

 Жобалау әдісінде оқытуға қойылатын мақсат: бейнелеу іс-әрекетімен айналысу үшін балаларға жағдай жасау, алуан түрлі дерек көздерінен білім дағдыларын өздігінен ынта-ықыласпен жинақтай білу дағдыларын қалыптастыру;
- танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу дағдысын қалыптастыру;
- әртүрлі шағын топтармен жұмыс жасай отырып, коммуникативтік, дағдылырын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету;
- өздерінің зерттеу дағдыларын дамыту (мәселені анықтау, ақпарат жинақтау, бақылау, эксперимент жүргізу, талдау жасау, болжам құру, тарату т.б.);
- жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру, көркемдік талғамын дамытып, эстетикалық тәрбие беру;
Жобалау әдісінің теориялық позициясы:
-балаға басым назар аударылып, оның шығармашылық қабілетін дамытуға басым көңіл бөлінеді;
- білім беру үдерісі оқу пәнінің логикасына ғана емес, іс- әрекеттің логикасына құрылады (бала үшін жеке тұлға ретінде қарау және баланы оның қызығушылығын ояту) бала үшін жеке ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;
- жеке жұмыс жасау барысында жобалау әдісі арқылы әрбір баланың өзіндік даму деңгейін қамтамасыз етеді;
- жобалау әдісі баланың физиологиялық психикалық дамуын кешенді тұрғыдан қарастырады;
- алуан түрлі жағдаяттарды пайдалану арқылы баланың білімінің тереңдігі қамтамасыз етіледі;
-алуан түрлі бейнелеу іс-әрекетіне қажетті құралдармен жұмыс жасай білудің техникасымен танысады және оны орындауды меңгереді;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет