Тақырып: Көз бұршақ пен шыны тәрізді дене патологиясы



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі4,37 Mb.
#138503
1   2   3
Байланысты:
Көз бұршақ пен шыны тәрізді дене патологиясы 3-топ (копия)

Этиологиясына байланысты:
Қарттық;
Көздің басқа аурулары:глаукома,иридоциклит т.б . салдарынан дамыған;
Токсикалық заттардың әсерінен пайда болған катаракталар;
Жарақаттық катаракталар(әр түрлі энергияның әсерімен байланысты;механикалық,жылу,электр,радиациялық)

Медикаментозды емді тек бастапқы кезеңде ғана жүргізеді.ол беткейлік бұлыңғырланудың дамуын баяулату үшін қолданылады және ядролық, артқы капсулалық катаракталар кезінде тиімсіз. Катарактаны хирургиялық жолмен алып тастау-экстракция

Катаракта емі

Шыны тәрізді дене-көз алмасының бұршағы артында орналасқан камерасын толтырып тұратын іркілдек,мөлдір,фибриил талшықтарымен айшықталған масса.Оның 98,5% су,ал қалғанын органикалық және бейорганикалық заттар құрайды. Шыны тәрізді дененің аурулары биомикроскопия,офтальмоскопия және УДЗ арқылы анықталатын,шыны тәрізді дененің мөлдірлігінің уақытша немесе тұрақты түрде бұзылуымен жүреді. Шыны тәрізді дененің деструкциясы кезінде бұлыңғырланудың бірнеше түрлері кездеседі. Жіпшелі деструкция жоғары дәрежелі асқынған сығырлығы бар адамдарда кездеседі.Шыны тәрізді денеде сұр түсті,жіптерге ұқсас бұлыңғырлан анықталады. Түйіршіктік деструкция тамырлы қабаттың қабыну үдерістерінде,тор қабықтың ажырауы,көз ішілік ісіктер болған жағдайда кездеседі.Қараған кезде шыны тәрізді денеде сұр-қоңыр түсті түйіршікке ұқсас бұлыңғырлану көрінеді.

«Алтын» немесе «күміс» жаңбыр симптомы - шыны тәрізді денеде холестериннің кристалдык кірінділер (холестерин алмасуының бұзушысы бар адамдарда) немесе кальций мен магний тұздары (кант диабеті кезінде) түзіледі.


Шыны тәрізді дененің аурулары кезіндегі негізгі симптомдары оның қарауытуы және көздің көру өткірлігінің төмендеуі.
Көз алдында шыбын - шіркей ұшу - науқасқа көрінетін шыны тәрізді денедегі, тор кабыққа көлеңке түсіретін формалық элементтер.

Шыны тәрізді дененің қарауытуы - ондары дегенеративті өзгерістердің нәтижесінде болатын, экссудат пен қан кұйылулардың қалдықтары. Ол кезде шыны тәрізді дене жіңішке шаң, жіпше, кішкене пленка түрінде болады.


Шыны тәрізді денеге қан құйылуы жарақаттан кейін, көз ауруларында, басқа мүшелердің ауруларында (анемия, гипертония, бүйрек ауруларында, гемофилия, қант диабеті) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет