Массивдегеніміз- бір ғана атпен берілген бір типті айнымалылардың жиынтығы.
Массивтің элементтері тік жақшаға ([ ]) алынып жазылады, ал элементтері индекстермен беріледі. Ең соңғы элементтің индексі массивтің ұзындығын көрсетеді. С++ -те массивтің индексі 0-ден басталатындықтан оның ұзындығы көрсетілген мәннен 1-ге артық болады. Массив үшін инициализациялайтын мәндер фигуралық жақшаларда жазылады. Мәндер элементтерге рет-ретімен меншіктеледі. Егер массивтағы элементтер инициализаторлардан көп болса, онда мәндері көрсетілмеген элементтер ноль болады. Массив өлшемділігі оның элементтерінің типімен компиляция этапында орындалатын массивті орналастыру үшін қажетті жадтың көлемін анықтайды. Сондықтан өлшем бүтін оң таңбалы тұрақтымен немесе тұрақты өрнекпен берілуі мүмкін. Егер массивті сипаттау кезінде өлшем көрсетілмесе инициализатор болуы керек. Бұл жағдайда компилятор инициализацияланған мәндер саны бойынша жадты анықтайды. Массив өлшемін атаулы тұрақтылар көмегімен берген қолайлы. Мұндай өзгерту үшін программаның бір жерінде тұрақты мәнін көрсетіп қойған жеткілікті. Массивтің соңғы элементі оның өлшемін сипаттауда берілген бірге аз номерден тұратынына назар аударыңыз.
Мысалы: k, n массиві берілген. Массив элементтерінің қосындысын анықтау қажет.
# include < iostream.h>
int main (){
const int n=5;
int i,s;
int mas1[n]={1,4,15,-20,7};
for (i=0,s=0;is+=mas1[i];
cout<<”s=”<return 0 ;
}
Нәтиже s=7 болады.
Массив элементтеріне автоматты түрде қатынау кезінде индекстің массив шекарасынан асуын бақылау жүзеге аспайды. Бұл қатеге әкеледі.
Пайдаланылатын әдебиеттер: Б.А.Урмашев, Т.А.Шмыгалева Программирование на алгоритмическом языке С++: учебное пособие.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-129 с.
Балабекова М.Ж., Қожамқұлова Ж.Ж. С++ және C++Builder орталарында бағдарламалау: оқу құралы.-Алматы:ЭСПИ, 2021.-136 б.