Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз (недобросовестный) қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса;
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар
әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының 10 %-нан асатын мүлкіне тыйым салынса;
әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және олар Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілсе;
әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің қызметі мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатылып тұрса;
Мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар
әлеуетті өнім беруші және ол тартатын қосалқы мердігер және олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе;
әлеуетті өнім беруші тіркелген жері салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер (офшорлық аймақтар) тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлға болып табылса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.