Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын құру.Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу.Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Кесте- ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кестедеп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.