Тақырып: Молекулалық генетика негіздері



бет2/4
Дата12.09.2022
өлшемі53,36 Kb.
#38892
түріСабақ
1   2   3   4
Е. соlі жасушасында ᵝ -галактозидаза ферментінің синтезделуі қоректік ортада лактоза болған жағдайда индукцияланады, ал оның мөлшері азайса, не мүлдем болмаса бұл ферментті синтезделу қарқыны да азаяды не тоқталады. ᵝ -галактозидаза ферменті синтезделу үшін Е. соlі ДНҚ-сындағы Lac-Z, деген ген транскрипцияланып, оның а-РНҚ-сы түзілуі қажет. ᵝ-галактозидаза ферментінің синтезделу қарқыны индукцияланғаннан кейін 1000 есеге дейін кебейеді және ол қоректік ортада индукторлактоза болса бір деңгейде ұзақ уақыт сақталынады. ᵝ - галактозидаза ферментінің лактозадан басқа индукторы ретінді оның ыдырауында пайда болатын аралық зат – аллолактоза да саналады. Ортада индуктордың (лактоза не аллолактоза) азаюы не жойылуы ᵝ -галактозидаза а-РНҚ-сының нуклеотидтерге ыдырап жойылуына алып келеді. А-РНҚ-ның тіршілік ұзақтығы бірнеше минутқа ғана тең, сондықтан да оның бір денгейде синтезделіп тұруы үшін және жасушада үнемі ᵝ-галактозидаза ферменті синтезделуі үшін ол үнемі индукцияланып тұруы қажет, яғни ортада лактоза не аллалактоза болуы қажет. Сонда ғана а-РНҚ-ның ыдырауы мен синтезделуі теңеседі, жасушада ᵝ -галактозидаза ферменті бір қалыпты синтезделінеді.


Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет