Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті; оны интерфазалық ядродан немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу айтарлықгай жеңіл. Ол үшін оның әлсіз иондық күші бар сулы ерітіндіде немесе жай деиоидалғаи суда ерітілген күйге көшетін қасиетін пайдаланылады, алайда бірден с.йық күйге емес, қоймалжың күйге ауысады. Мұндай препараттарды нағыз сұйық ерітіндіге айналдыру үшін сілку, араластыру және қосымша гомогенизация сияқты күшті механикалық эсерлерді кажет етеді. Осындай әсерлер, сондай-ақ оны ұсак фрагменттерге бөлшектегенде хроматиннің қалыпты құрылымының бұзылуына әкеледі, бірақ оның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады. Әр түрлі объектілерден алынған хроматин фракциялары айтарлықтай ұқсас немесе бірдей компоненттер жиынтығынан тұратындығы анықталды. Интерфазалық ядродан алынған хроматиннің химиялық құрамы митотикалық хромосоманың хроматинінен аз мөлшерде ерекшеленеді. Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ және белок, ақуыздардың ішінде негізгісі гистон және гистондық емес белоктар. Бөлініп алынған хроматиннің орташа шамамен 40%-ға жуығын ДНҚ және 60%-ға ақуыздар құрайды, барлық белоктардың ішінде ядролық арнайы белок- гистондар 40-тан 80%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Хроматинді фракцияның құрамына одан басқа, РНҚ, көмірсулар, липидтер, гликопротеидтер сияқты мембраналы компоненттер де кіреді. Бірақ осы минорлы компонентердің хроматин құрылымына қанша мөлшерде кіретіндігі әлі анықталмаған. Тек РНҚ ДНҚ матрицасымен байланыстылығын жоғалтпаған күйіндс, яғни траскрипциялық РНҚ күйінде болуы мүмкін. Басқа да минорлы компонеіптср ядро кабықшасын құрайтын заттарға жатуы мүмкін.
1 кесте. Хроматиннің химиялық құрамы
Ескерту. Белок пен РНҚ мөлшері ДНҚ-мен салыстырмалы берілген (Ю.С.Ченцов бойынша). Хроматин кеңістікте құрылымдық жағынан жіп тәрізді болып келеді, ДНҚ- дан және оған ассоциацияланған гистондардан тұратын дезоксирибонуклеопротеидті (ДНП) молекулалар комплексі. Осыған байланысты хроматинді нуклеогистон деп те атау қалыптасқан. Дәлірек айтканда, гистондардың ДНҚ-ға ассоциациялануының аркасында, сондай-ақ ДНҚ мен гистондардың сандық жағынан бірдей мөлшерде болса өте тұрақсыз, өзгергіш нуклео-гистонды комплекс түзіледі. Бұл жіп тәрізді ДНП фибриллдері, яғни элементарлы хромосомалық немесе хромотиндік жіпшелер болып табылады, оның жуандығы ДНҚ-ның құрылымдық деңгейіне тәуелді түрде 10- ман 30 нм-ге дейін ауытқиды. ДНП фибриллдері ДНП-ның жоғары дәрежелі құрылымын түзе отырып, митотикалық хромосомаға дейін қосымша тығыздала алады. Кейбір гистондық емес белоктардың қызметі хроматиннің жоғары дәрежелі тығыздалуын түзумен аяқталады.
Цитогенетика (гр. cytos — жасуша және генетика) — тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын жасушалық және субжасушалық деңгейде зерттейтін ғылым; цитология мен генетиканың арнаулы саласы.
Цитогенетиканың негізгі зерттеу нысаны — бөлінетін және бөлінбейтін клеткалардағы хромосомалар, олардың табиғи морфологиясы, құрылымдық және химиялық табиғаты, атқаратын қызметі мен әр түрлі күйде болуы.
Цитогенетиканың бөлімдері: