Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері



бет1/2
Дата14.06.2023
өлшемі19,68 Kb.
#101348
  1   2
Байланысты:
карлыгаш


Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері.
1.Отбасын зерттеу мақсаты, зерттеген ғалымдар.
2.Отбасын зерттеу әдістеріне сипаттама.

Отбасы институты әлі толық зерттелген жоқ.. Ондағы өмірлік әрекеттері, құндылықтар, құпиялығы сақталып ,бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауды қаламауы байқалады. Отбасындағы барлық адамдарды зерттеу қиын.Сондықтан ең дұрысы отбасы мүшелерін зерттеуге қатыстыру.


Отбасын зерттеу мақсаты: отбасындағы кері әсерлердің ықпалынан туындататын мәселелерді табу, көмек беру жолдарын белгілеу. Ол үшін психолог отбасын зерттеу әдістерін білуі керек.
Отбасы мәселелерін зерттеген ғалымдар: Е.П. Арнаутова, Л.В.Артюнова, В.В. Котырло, С.А. Ладывир, В.И. Безлюдная, Г.Н. Грен, Н.А. Стародубова, Г.В. Лушина, В.М. Иванова, М.Р.Битянова т.б.Битянова М.Р. ұсынған психодиагностикалық қызметті ұйымдастырудың келесі принциптерін басшылыққа алуға болады :

Баланы тиімді психологиялық сүйемелдеудің мақсаты мен міндетіне нақты әдістемелер мен тәсілдерді таңдау;


Тексерудің қорытындысы басқаларға түсінікті тілде, аударуға жеңіл болып құрылуы қажет;
Пайдаланған әдістемелердің болжамы, яғни олардың негізінде әрі қарай оқыту мен тәрбиелеу кезеңдерінде баланың даму ерекшеліктерін болжай алу;Әдістің жоғары дамытушы потенциалы;

Процедураның үнемділігі. Жақсы әдістеме жеке де, топтық нұсқада да қысқа көпфункционалды процедура болуы керек, жекелей, әрі топтық нұсқаларда болуы, алынған мәліметтерді бағалауда біркелкі және жеңіл болуы тиіс.

В.В. Котырло және С.А. Ладывир отбасын зерттеуді төмендегідей жоспар бойынша жүргізуді ұсынады:
1. Отбасының типі, құрамы, айналысатын кәсібі, білімі;
2. Отбасындағы микроклимат, қарым – қатынас ерекшеліктері;
3. Отбасындағы бала тәрбиесі;
4. Отбасы мүшелерінің денсаулығы;
5. Педагогикалық- психологиялық білімі, тәжірибелік іскерлігі ;
6. Ата- аналардың өз міндеттерін, рөлін түсінуі ;
7. Тәрбиелік ықпал жасау ерекшеліктері.

Зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық деңгейде қолданылады. Эмпирикалық жолмен отбасын сипаттауға мүмкіндік беретін нақты әдістер арқылы материалдар жинастырылады. Теориялық деңгейде саралау, салыстыру , қортындылау, жүйелеу әдістері қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет