Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері


Отбасының зерттеу әдістерінің түрлері



бет2/2
Дата14.06.2023
өлшемі19,68 Kb.
#101348
1   2
Отбасының зерттеу әдістерінің түрлері:
1.Бақылау әдісі;
2.Әлеуметтік сауалнамалар, анкеталар;
3.Интервью;
4.Тренингтер өткізу;
5.Жағдаяттар шешу;
6. Шығарма жазу;
7.Сөйлемді жалғастыру;
8.Сурет салу әдісі т.б.

Диагностикалық жұмыс бақылау әдісінен басталды.

Бақылау–зерттелуші объектінің мақсатқа бағытталған, арнайы ұйымдастырылған зерттеу түрі. Бақылау табиғи жағдайдағы ата-ана мен баланың психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Бақылау барысында біз өз назарымызды ата-ананың баламен қарым-қатынастына, оның сәттіліктері мен сәтсізділігіне, реакцияларына, ата-аналардың балалар өміріне араласуына көңіл аудару т.б. Балалардың құрбылармен қатынасы қандай екенін біліп, ойын немесе сабақ кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктерін анықтап, мәліметтер жинастыруға болады.

Анкета арқылы нақты сұрақтарға мәліметтер жинастырылады.Анкета екі түрге бөлінеді:
1.Тікелей анкета;
2.Сырттай анкета.
Анкетаның сұрақтары үшке бөлінеді:
а/ Ашық сұрақ – сұраққа жауап беру.
ә/ Жабық сұрақ – жауап нұсқалары бар сұрақтар.
б/ Аралас – жауап нұсқалары бар және өз пікірін жазу керектігі.

Эксперимент жұмысы екі бағытта жүзеге асырылды. Бірінші бағытта ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас жағдайы, екінші бағытта ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдері анықталып, қорытынды жасалынды.

Сурет салу әдісінде балаларға өз отбасының суретін салғызу арқылы оның отбасындағы орнын, отбасының жағдайын, баланың отбасында кімді жақсы көретінін,т.б. байқауға болады. Сурет бойынша сұрақтар қойып кейбір мәселелерді анықтаған жөн. Тәжірибеде сурет салу әдісі жиі қолданылады.

Мысалы, «Отбасы және оның балаға әсері» атты А.Ю. Монаховтың суретті тесті. Тесттің қорытындысы бойынша бала тәрбиесімен әкеге қарағанда ана көбірек айналысатынын анықтауға болады.

Отбасындағы қарым-қатынасты, баланың алаңдаушылық деңгейін, отбасы мүшелерін қабылдауын анықтау мақсатында Р.Бернс пен С.Кауфманның «Отбасының кинетикалық суреті» тестісін қолдану маңызды. Бұл тест зерттелінетін отбасының субьективтік жағдайлары туралы толық мәлімет береді. Тесттер – тұлғаның жеке психологиялық қасиеттерін сонымен қатар, білімін, қабілеттері мен дағдыларын салыстырмалы көлемде өлшеу үшін арналған стандартталған тапсырмалар.

1.Оқушыларға сурет салу үшін ақ қағаз, қарындаш және өшіргіш берілді. Содан кейін өз отбасының суретін, ондағы отбасы мүшелерінің немен айналысатыны туралы бейнелеуге тапсырма берілді. Тестті өткізу кезінде оқушының барлық сұрақтарына жауап беріледі. Мысалы, «қалай салғың келеді, солай сала бер» (сурет салу кезінде оқушының барлық әрекеттерін жазу керек: суретті түсіндіруін, ишарасын, ымдарын, т.б.).

2.Оқушы суретті аяқтап болғаннан кейін, оқушымен келесі сұрақтар бойынша әңгіме жүргізілді:

Суретте кім бейнеленген, отбасының әрбір мүшесі не істеп жүр?

Отбасының мүшелері қайда жұмыс істейді және қайда оқиды?

Отбасында тұрмыстық міндеттері қалай орындалады?

Баланың басқа отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы қалай? Және т.б.

Отбасының кинетикалық суретін интерпретациялау кезінде келесі аспектілерге назар аударылады:


- отбасы суретінің құрылымын талдау (суретте отбасы мүшелерінің орналасу мен өзара әрекеттестігі);

- суреттегі бөлек отбасы мүшелері бейнесінің ерекшеліктерін талдау;

- бейнелеу процесін талдау (суреттің реттілігі, кідіріс, бейнелеу кезіндегі эмоционалдық реакциялары, өз суретін талдауы).

«Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесі бойынша 5 жағдай анықталады:




  1. Жағымды отбасылық жағдай;



  1. Отбасындағы алаңдаушылық;




  1. Дау-дамайлар болып тұратын отбасылар;

4)бір-біріне өшігу танытатын отбасылар;




  1. Отбасында өзін сенімсіз сезінетін жағдайлар.

Отбасында бала мен ата-ананың қарым-қатынасының қалыптасуын зерттеу үшін А.Я.Варга және В.В.Столинің ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын анықтау тестісін өткізуге болады. Тест 61 сұрақтар арқылы ата-ананың балаға қатынасының бес түрін диагностикалауға мүмкіндік береді: қабылдау –қабылдамау , кооперация, симбиоз, бақылау, баланың сәтсіздігіне деген қатынас.




    1. Қабылдау – қабылдамау. Бұл шкала балаға деген эмоционалды жағымды немесе эмоционалды жағымсыз қарым-қатынасты көрсетеді. Шкаланың екі мазмұны болады: бірінде – бала ата-анасына қандай болса сол тұрғысында ұнайды. Ата-ана баланың жеке тұлғасын құрметтейді, оған жақсы қарайды, баламен бірге көп уақыт өткізуге ұмтылады, оның қызығушылығы мен жоспарын қолдайды, екіншісінде: ата-ана өзінің баласын жаман, қабілетсіз, жолы болмағыш ретінде қабылдайды. Оған өз баласы өмірде сәттілікке жетпейтіні оның төмен қабілеттілігі, ақылы мен мінез бітістері қалыптаспауынан және тағы да басқа себептерден көрінеді. Ата-ана өзінің баласына сенбейді және оны құрметтемейді.



    1. Кооперация. Бұл шкала ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасауға тырысуын көрсетеді, ата-ана баланың жоспары мен ісіне қызығушылық танытады, балаға барлық жағдайда көмек көрсетуге ұмтылады. Ата-ана баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалайды, оны мақтан тұтады, баланың инициативасы мен дербестігін қолдайды, онымен бірдей деңгейде болуға ұмтылады. Ата-ана өз баласына сенеді, даулы жағдайларда оның көзқарасын қолдауға ұмтылады.




    1. Симбиоз. Шкала баламен қарым-қатынаста тұлғааралық дистанцияны көрсетеді. Бұл шкаланың жоғары деңгейінде ата-ана өзінің баласымен симбиотикалық қарым-қатынасқа ұмтылады деп есептеуге болады. Бұл шкаланың мазмұны былай суреттеледі: ата-ана өзін баламен біртұтас етіп сезінеді, баланың барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысады, оны өмірдің қиыншылықтары мен жамандықтарынан қорғап қалуға ұмтылады, ата-ана үнемі балаға үрейлену сезімінде болады, оған дербестілікті ешқашан рұқсат етпейді, бала оған әрі кішкентай, әрі қорғансыз болып көрінеді.



    1. Бақылау. Бұл шкала үлкендердің бала іс-әрекетін бақылауын, яғни ата-ананың балаға авторитарлы қарым-қатынасын көрсетеді. Ата-ана баладан сөзсіз тыңдау мен тәртіпті талап етеді. Бала өзінің еркін ойы мен көзқарасын айта алмаса, қатал жазалайды. Ата-ана баланың жетістіктерін бақылап, оның жеке ерекшеліктері, әрекеттерін, ойларын, сезімдерін реттеп отырады.




    1. Кішкентай жолы болмағыш. Бұл соңғы шкала ата-аналар баланы өз жасындағы балалардан кішкентай деп, олардың қызығушылығы, ойы, сезімі әлі жетілмеген деп есептейді. Оның жеке тұлғалық, әлеуметтік жетістіктері төмен деп ойлайды. Сондықтан оны барлық қиындықтардан қорғаштап, барлық іс әрекеттерін бақылауға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет