Лабильділік қозғыштықпен тура пропорционал, яғни лабильділік жоғары болған сайын, қозғыштық жоғары болады. Ең қозғыш тін – жүйке тіні.
Тітіркендіру заңдары:
Барынша немесе ештеңе емес заңы: Табалдырық асты тітіркендіргіш ешқандай жауап реакциясын шақырмайды, (ештеңе емес ) ал табалдырық және табалдырық үсті тітіркендіргіш максималды жауап реакциясын шақырады. (Барынша(
Бұл заңға тіннің құрылмыдық бірлігі бағынады.(дара бұлшық еттік жиырылу).
Тітіркендіру заңдары:
Күштердің салыстырмалы заңы:тітіркендіргіш күші жоғары болған сайын, жауап реакциясы да жоғары болады. Бірақ белгілі бір шамаға дейін ғана, ең жоғарғы шегіне жеткенде, тітіркендіргіш күшін қанша арттырсақ та, жауап реакциясы өзгермейді.