Тақырып 1.5 Bigdata. Деректер қорлардың негізгі ұғымдары. 1.5.1 Деректер базасына кіріспе. Bigdata. Bigdata қолдану аясы. Деректер қорлардың негізгі ұғымдары. ДҚБЖ 1 Тапсырма. 1.Деректер қоры – бұл:
А) деректер мен формулаларды сақтауға және өңдеуге мүмкіндік беретін кесте:
В) деректердің ұйымдастырылған жиынтығы;
С) берілген құрылымы бар, ақпаратты қамтитын арнайы форматтағы файл;
D) пайдаланушының ақпаратын өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама;
Е) ақпарат іздеуді жүзеге асыратын бағдарламалық құралдар.
2 Тапсырма ДҚБЖ Access файлда қандай кеңейтім бар:
А) *.db
В) *.doc
C) *.xls
D) *.mdb
E) *.exe
3 Тапсырма. Реляциялық деректер базасының (ДБ) файл жазбасында болуы мүмкін:
A) тек біртекті ақпарат;
B) тек мәтіндік ақпарат;
C) біртекті емес ақпарат;
D) тек логикалық шамалар;
E) тек сандық ақпарат;
4 Тапсырма. Деректер базасының өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз:
A)Гигабайт, терабайт, йоттабайт, зеттабайт;
B)Терабайт, гигабайт, зеттабайт, йоттабайт;
C)Гигабайт, терабайт, зеттабайт, йоттабайт;
D)Терабайт, гигабайт, йоттабайт, зеттабайт;
E)Терабайт, гигабайт, зеттабайт; килобайт;
5 Тапсырма. Үлкен деректердің негізгі сипаттамаларын көрсетіңіз:
A) Көлемі;
B) Ақпараттылық;
C) Көрінекілік;
D) Әртүрлілік;
E) бейнелілік;
1.5.2 Microsoft Access ДҚБЖ дерекқорын құру. Реляциялық мәліметтер базасы. Кестелер арасындағы реляциялық байланыстар. Деректер базасындағы бастапқы кілт 1 Тапсырма. Ұсынылған тізімнен таңдаңыз: ДҚБЖ негізгі функциясына не жатпайды?
Жауаптың екі нұсқасын таңдаңыз.
А)сыртқы жадтағы деректерді басқару (дискілерде);
B) ДБ тілдерін қолдау (деректерді басқару тілі);
C) деректер базасын іске асыру және жүргізу;
D) деректердің қорғалуы мен тұтастығын қамтамасыз ету;
E) деректер базасын жобалауды үйлестіру.
2 Тапсырма.Деректер базасын басқару жүйесі .... құрамына кіретін бағдарламалық өнім болып табылады ? Жауаптың екі нұсқасын таңдаңыз.
A) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету;
B) операциялық жүйе;
C) бірегей бағдарламалық қамтамасыз ету;
D) жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету;
E) бағдарламалау жүйелері;
3 Тапсырма.ДҚБЖ-ге не кіруі керек екенін көрсетіңіз? Жауаптың екі нұсқасын таңдаңыз.
A) сұрау тілінің процессоры;
B) командалық интерфейс;
C) бірегей бағдарламалық қамтамасыз ету;
D) жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету;
E) операциялық жүйе;
4 Тапсырма. Екі дұрыс жауапты таңданыз. Реляциялық деректер базасының (ДБ) файл құрылымы ..... кезінде өзгереді
A) кез келген жазбаны өзгерту;
B) барлық жазбаларды жою;
C) кез келген өрісті жою;
D) бір немесе бірнеше жазбаларды қосу;
E) өріс ауқымын жою.
5 Тапсрыма. Екі дұрыс жауапты таңданыз. Бір типтегі мәліметтер базасындағы жазбалар жиынтығы қалай аталады?
A) сақталатын файл;
B) біртекті файл;
C) деректер банкі;
D) логикалық кесте;
E) физикалық кесте;