Еңбек нормасы еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, жаңа техника, технология енгізу және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды өткізу жағдайына байланысты міндетті ауыстыруға жатады.
Еңбек нормасы еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, жаңа техника, технология енгізу және ұйымдастырушылық-техникалық шараларды өткізу жағдайына байланысты міндетті ауыстыруға жатады.
Жекелеген жұмысшылар өз ықыласымен еңбектің жаңа тәсілдерін пайдаланып, жұмыс орындарын жетілдіру нәтижесінде өнім өндірудің (қызмет көрсету) жоғары деңгейіне жетсе, бекітілген еңбек нормасын қайта қарау қажет болып саналмайды.
Еңбек нормасын жетілдіру кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
еңбекті нормалауда еңбек нормасын бекіту мақсаттық болып саналатын жұмыс түрлерін қамту;
еңбек нормасының техникалық (ғылыми) негіздемесі.
Тарифтерге мемлекеттік реттеу жүргізетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) ұйымдарда еңбек нормасын ұсыну, қарау және келістіру тәртібі еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
3. Еңбекті ұйымдастыру принциптері.
Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістікжағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған.