кез келген (tout faire ) жағдайға қолданыла беретін жарамды термин. Қазіргі таңда бір нәрсені мақтағысы келгендердің барлығы осы терминге жүгіретін секілді болып көрінеді. Онымен қоймай, оны табанды түрде ілгері ғасырларға апарып жатыр. Алдымен ол соңғы жиырма жылдықтың жазушылары мен суретшілеріне қолданды; кейін аз-аздан бастапқы кезеңіне де қолдана бастады; және олар аялдар емес, жақында постмодернизм ағыма Гомерді де жаулап алады.
Кез келген дәуірдің өзіңдік постмодернизмі бар, сондай-ақ әр дәуірде өзіне тән маньеризм бар. Бұл жерде Эко постмодернизм мен маньеризм бір ме деген сауал қойғандай. Ницще айтқандай, әр дәуір дағдарыс шегіне келіп тіреледі. Өткен қорқытады, басып тастады, тартады. Авангард өткенді бұзады. Авангард тоқтамайды: бейнені бұзады, бейнені жояды, абстракцияға дейін жетеді, білінбеуге дейін, таза кенепке, кенептегі тесікке дейін, күйдірілген кенепке дейін;
Постмодернизм-бұл модернизмге жауап: өткенді жою мүмкін емес, өйткені оны жою мылқаулыққа әкеледі, оны қайта ойлау керек, ирониялы түрде. Автордың осы жердегі мысалы өте әдемі болды: Өте білімді әйелге ғашық болған адамның жағдайы...
Әдебиеттанушы ғалымдардың қазақ әдебиетіндегі постмодернизм құбылысы туралы пікірлерін келтіріп көрелік Филология ғылымдарының докторы, академик С.Қасқабасов постмодернизм туралы өз ойын былайша білдіреді. «Постмодернизм – өндірісі қатты дамыған постиндустриялы елдерде кең таралған. Өйткені, олар бұрынғы классикалық әдебиеттен қол үзіп кеткен. Біз болсақ, классикалық реализмнен, классикалық әдебиеттен қол үзгеміз жоқ. Одан қол үзе алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық қоғам құрылған жоқ. Сондықтан постиндустриялық қоғам болмай тұрып, постиндустриялық қоғамның өмірін суреттей алмаймыз. Алайда, постмодернистік тәсілді меңгеріп алған біздің кейбір қаламгерлердің ісі сыртқы көрініс қана» деген.
Филология ғылымдарының докторы, профессор,сыншы Б.Майтанов- «Қазіргі дәуірдегі модернизм мен постмодернизмнің қазақ әдебиетіндегі көріністері тұтас бағыт деңгейіне көтерілмеген, олар өзара ара-жігін де ашып дараланбағандықтан, бүгінгі күн бедерінде көркем-әдеби ағым ретінде өмір сүруде. Орнына қарай дәстүр, үрдіс, көрініс, стиль терминдері қолданылуы мүмкін. Біз бұл үдерісті жылдамдатуға да, кідіртуге де құқылы емеспіз. Тақсыр уақыт пен әдеби тәжірибе негізгі сөздің тұтқасын ұстамақ.» - деген пікірде болған.
Демек бұл ғалымдар қазақ әдебиетіндегі постмодернизмді уақыт тезіне кояды да, бұл құбылыстан біздің мәдениет пен әдебиет қалыс қала алмайтындығын айтады.
Ал филология ғылымдарының докторы профессор, Дандай Ысқақұлы постмодернизмді ұлттық әдебиет пен дүниетанымның жауы көреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына пікірін келтірелік: «Бүгінгі қазақ әдебиетін батыстан келген «постмодернизм» деген жаңа ағым елеңдетіп, назарын өзіне аударып тұр. «Постмодернизм» – адамға көркемдік, эстетикалық ләззат бағыштап, адамгершілік тәрбие бере алмайды. Меніңше постмодернизм – ұлттың рухани құндылықтарын жоққа шығарудың бірден-бір құралы. Қашан да көркем әдебиетте басшылыққа алынып келген «ұлтқа қызмет ету, әдеби дәстүр, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, адамдарды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлт болашағына қызмет ету» деген сияқты ұлы идеялардың барлығына бүгінгі адамдар күмәнмен қарауға дағдыланып барады. Мұның өзі әдебиетіміздің даму қарқынының әлсіреуіне ықпал етуде. Батыстық жаһанданудың ұлттық рухани байлығымызға қауіп төндіріп тұрғаны тағы шындық- дейді.
- постмодернизм – танымға қарай өзгермелі эстетикалық, философиялық ғылыми-теориялық тұжырымдамалардың жиынтығынан тұратын бағыт;
- әлемдік әдеби үдерістің бір бөлшегі ретінде қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм мәдениеттер тоғысында орын алған құбылыстарды көркем әдебиетте плюралистік сана арқылы қайта пайымдауға негізделген тенденциялық сипатқа ие;
- қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей авторлары прозасынан өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Қазақстанда саяси жүйенің ауысып, демократиялық қоғамның құрылуына байланысты прозадағы постмодернизм әлеуметтік-мәдени, идеологиялық, моральдық қайшылықтарға бағытталып, формалық жағынан тәжірибеге негізделді;
- қазақ прозасындағы постмодернизм формалық ізденістерге негізделетіндіктен, көп жағдайда жазушылар шығармаларында авторлық позициядан бас тарта алмаған;
- қазіргі отандық прозадағы көркемдік тұтастықтың бұзылуына себепші интертекст, симулякр сынды постмодернизм категориялары оқырманмен ойын мақсатында пайдаланылып, «автордың өлімі», бинарлық оппозицияға қарсылық тұжырымдамаларымен ұштастырыла қолданылған. Мұндағы интертекст автор-мәтін-оқырман үштігіне құрылған;
- қазақ жазушыларының шығармаларында постмодернизм мәтін тұтастығына (деконструкция), үлкен идеяларға, иерархияға, этикаға, моральдық құндылықтарға негізделген классикалық шығарманың мақсаты мен мазмұнына жасалған ирония арқылы көрініс тапты
Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм жазушыларымыз бен ақындарымыз тарапынан өзінің жаңашылдық сипатын жоғалта бастады. Ал ғалымдарымыз тарапынан постмодернизм әдебиетінің шындық болмыспен арақатынасын, танымдық мүмкіндігін зерделеу, зерттеу тӛл әдебиетімізде басы ашық мәселе күйінде қалып отырғаны шындық. Дәстүрлі әдебиеттің тілі оқырманға түсінікті болатын. Ал, постмодернизмде шын мәнісінде әдеттен тыс, оғаш жайттар жетіп артылады. Сондықтан оқырманға қаламгерлеріміз эрудит, полиглот, кейбірде философ пен мәдениеттанушы болып та көрінуі мүмкін. Постмодерндік әдебиеттің басты принципі өмірге ұқсастықты жою, тек пен жанрлардың шекарасын тас-талқан етіп, әдістердің синкретизмін орнықтырып, себеп-салдар байланысынан қол үзіп, логикалық байланысты жоққа шығару болып табылады.
Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік эстетикалық жүйесі гиперболизациялауды, метафоралық трансформацияны, аллегория жүйесін, контрастылық ойынды, абсурд формасын, гротеск, фантастиканы, философиялық-образдық қатарды күрделендіруді белсенді қолдануға кӛшкен. Жазушыларымыздың мұндай еркіндікке ие болулары әдеби ойынның барлық деңгейде: оймен, сюжетпен, идеялармен, аксиологиялық санаттармен жан-жақты араласуын туындатады. Әдебиеттің танымдық, коммуникативтік, тәлім-тәрбиелік, адамгершілік-этикалық, эстетикалық функциялары бұрын болып көрмеген өзгеріске ұшырап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |