7.2 Саяси партиялар жəне партиялық жүйелер
«Партия» ұғымы латын тілінен енген, «бөлім», «бөлемін» дегенді білдіреді.
Партия əлеуметтік қабаттар, кластар мен мемлекетке қатысты делдал ретінде болады, бірақ қызығушылықтар топтары мен қоғамдағы басқа да бірлестіктерден ерекшелігі, ол Р. Доуздың анықтамасы бойынша ең саяси болып табылады.
Ол қоғамның əлеуметтік қабаттарының жəне белгілі бір кластардың қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік механизмінің қызмет етуіне қатысады. Партияның іс-əрекетінің маңызды жағы болып саяси сананы қалыптастырудан көрінетін қоғамға оның идеологиялық ықпалы табылады.
Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір əлеуметтік қабаттар мен топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті əр түрлі саяси əдістермен жаулап алуды мақсат тұтады.
Саяси партияларды біріншіден, партияларға тəн ұйымдасқан құрылым мен дайындалған саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жаулап алуға емес, оны жүзеге асыратындарға ықпал етуге қол жеткізуге тырысатын қысым топтарынан айырып алған дұрыс.
Заманауи бұқаралық партиялар Европада XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Саяси ғылымда партиялардың тарихи қалыптасу процесі М. Вебер ұсынған сызба бойынша қарастырылады:
а) аристократиялық үйірмелер (категориялар);
б) саяси клубтар;
в) бұқаралық партиялар.
Партиялар ішкі бірлестіктерге ие тұрақты иерархиялық ұйымдарды білдіреді. Құрылымында партиялар мыналардан тұрады:
а) партия көшбасшылары;
б) ми штабы, партияның идеологтарынан; в) партиялық бюрократия;
г) бюрократияға жатпайтын партиялық актив; д) партияның белсенді емес мүшелері.
Саяси партияларды басқа «саяси ойындарға» қатысушылардан мына көрсеткіштер бойынша айырады:
а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің ұзақтығы. Бұл
көрсеткіш партияны өздерінің негізін қалаушыларымен бірге жоғалып кететін əдеттегі камарилийлер мен клиентелдерден ерекшелеуге мүмкіндік береді;
б) ұлттық орталықпен (жетекшілікпен) жүйелі байланысты қолдайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, бұл партияның парламенттік топтан айырмашылығын білдіреді;
в) жергілікті жəне орталық жетекшілердің билікке, күреске назар аударуы. Бұл партияны қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан (кəсіподақ, жастар жəне т.б. ұйымдары) ерекшелейді;
г) қоғам жағынан бұқаралық қолдаудың болуы. Аталған көрсеткіш партиялар мен қысым топтарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді, қысым топтары əдетте сайлаулар мен парламент өміріне қатыспайды: олар партияларға, үкіметке жəне қоғамдық пікірге жасырын ықпал етеді.
Оның басқа ұйымдардан айырмашылығын көрсететін басты белгі - мемлекеттік билік үшін ашық күреске бағдарлану.
Саяси партияның қызметтері:
саяси - мемлекеттік билікке ұмтылу, саяси құрамды толықтыру, электоралды;
идеологиялық қызмет - партиялық идеологияны дайындау, партиялық үгіт-насихат;
əлеуметтік қызмет - өкілділік, бұқараның мобилизациясы, саяси əлеуметтену.
Бұл саяси партияның қызметтерінің жалпыланған сипаттамасы.
Саяси партияның қоғамның саяси институты ретіндегі басты қызметтеріне мыналар жатады:
а) саяси мақсатты анықтау жəне билікке қол жеткізу;
б) үлкен əлеуметтік топтардың қызығушылықтарын анықтау, қанағаттандыру;
в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылар мен элитаны таңдау, сұрыптау;
г) партиялық идеологияны дайындау, саяси бағдарламаны жасау жəне жүзеге асыру, үгіт-насихат жүргізу жəне қоғамдық пікірді қалыптастыру;
д) саяси əлеуметтендіру, азаматтардың билікке қатысудағы қасиеттері мен қабілетін қалыптастыру;
е) биліктің жоғарғы жəне жергілікті органдарын қалыптастыру бойынша сайлау кампанияларын дайындау жəне өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |