Тақырып. Саяси партиялар


Саяси партиялардың жіктелуі



бет3/5
Дата08.12.2023
өлшемі32,74 Kb.
#135242
1   2   3   4   5
7.3 Саяси партиялардың жіктелуі

Пайда болу көрсеткіші бойынша - электоралдық, парламенттік жəне «сырттан пайда болған» партиялар.


Алғашқы сипаты бойынша - комитет-партиялар, секция - партиялар, ұяшық-партиялар жəне т.б.


«Кадрлық» жəне «бұқаралық» қағидасы бойынша - мұнда сөз партиялардың сандық көлемі емес, құрылымдық жағы жайында болып отыр.



69


Кадрлық партиялар электоралдық комитеттер мен парламенттік топтардан пайда болды (XIX ғасырдың ортасында). Сан жағынан олар көп емес, кəсіби саясаткерлерге, партияға материалдық қолдау көрсете алатын қаржылық элитаға сүйенеді, еркін мүшелік принципін ұстанады.

Бұқаралық саяси партиялар кадрлықтан ең алдымен мүшелерінің көп жəне тұрақты болуымен ерекшеленеді. Тарихи олар кадрлық партиялардан кейін пайда болды, олардың пайда болуы жалпыға ортақ сайлау құқығы. Таратумен, жұмыскерлердің қозғалысының дамуымен байланысты.


Басқару тəртібіне қатысы бойынша - басқарушы жəне оппозициялық, заңды жəне заңсыз, көшбасшы партиялар жəне аутсайдер (шеттетілген) партиялар, жеке, жалғыз басқарушы партиялар жəне коалиция құрамында басқарушы партиялар жəне т.б.


Əлеуметтік кластық белгісі бойынша - жұмысшылар, шаруалар, фермерлер, зиялылар партиясы.


Идеологиялық бағыты бойынша - коммунистік, социал демократиялық, буржуазиялық демократиялық.


Қоғамдық құрылымға қатысы бойынша - төңкерістік, реформистік, либералды, консервативтік партиялар.


Партиялық жүйе. Ол саяси партиялардың жиынтығынан, олардың əрқайсысының басқа саяси партиялармен өзара əрекеттерінің сипатынан құралады.


Партиялық жүйе қоғамдық-саяси күштерді ұйымдастырады, əлеуметтік қызығушылықтар мен саяси көзқарастарды біріктіреді, оларға жергілікті жəне жалпықоғамдық деңгейлерде таратылуға мүмкіндік береді.


Дəстүрлі түрде келесідей партиялық жүйелерді атап көрсетуге болады:


а) бірпартиялық, мұнда басқа партиялар болмайды. Мұндай жүйенің шеңберінде (бəсеке жоқ) партия мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады, барлық қоғамдық өмір мейлінше идеологияланады, басымдылыққа басқарудың командалық əдістері ие болады, халық пен билік арасындағы кері байланыс бұзылады;

б) формальды көппартиялық (бəсекелес, жарысатын), мұнда мемлекеттік билік басында бір бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын екі саяси партия басты позицияға ие болады. Мұндай партиялық жүйелер Ұлыбританияда, АҚШ-та бар. Олар тұрақтылығымен сипатталады, себебі билік басындағы партияны парламенттің көпшілігі қолдайды;


в) плюралистік бағыттағы көппартиялық жүйелер. Мұндай жүйедегі партияларға сайлау кампанияларын ұйымдастыру мен өткізудегі еркіндік пен жеке даралық тəн, үкіметтік коалиция əрбір партияның бəсекелестікте қол жеткізген нəтижелері бойынша қалыптасады.



70

8 ТАҚЫРЫП. ДЕМОКРАТИЯ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ӨМІРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
8.1 Демократия: түсінігі, мəні

8.2 Демократияның дамуының негізгі кезеңдері жəне теориялары


8.3 Демократия жəне құқық






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет