Тақырып: Шикізат



бет12/38
Дата09.05.2023
өлшемі0,99 Mb.
#91122
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
бакылау сурагына жауап

Мұнай құрамы.

Мұнай химиялық құрамы жағынан органикалық қосылыстардан тұрады, яғни оның негізі – С, Н. Мұнай құрамында көмірсутектерден басқа да аз мөлшерде органикалық қосылыстар болады. Ол қосылыстардың құрамына О, S, N және металдар кіреді. Шайыр және асфальт заттары сияқты үлкен молекулалы қосылыстар да бар. Мұнайдың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектердің үш түрі –парафиндер, циклопарафиндер, ароматқосылыстар болады, бұл аталған көмірсутектердің барлығының мөлшері әр мұнай кенінде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Маңғыстау мұнайы қаныққан көмірсутектерге, Баку аймағындағы мұнай циклопарафиндерге бай келеді.



  1. Мұнай өңдеуден шығатын негізгі өнімдер.

Бензин(французша: benzіne) – 30 – 205°С аралығында қайнайтын, құрамы әр түрлі жеңіл көмірсутек тердің қоспасы; түссіз не арнайы боялған сұйық. 
Лигроин- Мұнайды тікелей өңдеу өнімі. 120-240 °С аралығында қайнай бастайды. 
Керосин- мұнайдан бөлініп алынған, қайнау температурасы 200-300°С болатын, көмірсутектер қоспасынан тұратын, қозғалтқыштарға арналған отын.
Соляр шайыры- мотор жанармайы ретінде қолд.



  1. Бензиннің детонациялық тұрақтылығы деген не және оны қалай жоғарлатуға болады?

Бензиннің негізгі қасиеті – детонацияға тұрақтылығы, яғни қозғалтқыштарда бірқалыпты жану қабілеті. Оның детонацияға тұрақтылық қасиеті октан санымен сипатталады. Октан саны неғұрлым көп болса, детонацияға тұрақтылық қасиеті соғұрлым жақсы болады. Бензиннің маркалары (А-80, А-93, А-95, т.б.) осы қасиетке негізделген.

  1. Бензин, дизельдік және реактивті отынға сипаттама беру.

Бензин (французша: benzіne) – 30 – 205°С аралығында қайнайтын, құрамы әр түрлі жеңіл көмірсутек тердің қоспасы; түссіз не арнайы боялған сұйық. түссіз не арнайы боялған сұйық. Судан жеңіл, тығыздығы 0,70 – 0,78 г/см3, өзіне тән иісі бар, -60°С-та қатады. Бензин тез буланғыш, оңай тұтанғыш зат, буының ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Бензин алудың негізгі кең тараған әдістері: мұнайды тікелей айдау, мұнайдың ауыр фракцияларын крекингілеу, көмірсутек газдарынан бөліп алу, тас көмірді гидрогендеу және көмірсутек газдарын (изобутан, бутан, пропан) алкилдеу, т.б. Бензинді іштен жанатын қозғалтқыштарда отын, майды, шайырды, каучукті еріткіш ретінде, т.б. қолданады.
Дизель отыны – сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады. Дизель отыны – қайнау температурасы 180 – 3600С, тығыздығы 0,790 – 0,860 г/см3, тұтқырлығы 1,5 – 8,0 мм2/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкірттіазотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет