Бөтелкелерді өңдеу. Бұл оларға құйылған судың тазалығы мен пайдасы тәуелді болатын маңызды кезең. Бос ыдыс ластану мен зақымданудан мұқият тексеріледі, ең лас үлгілер қабылданбайды. Содан кейін бөтелкелер жуылады, зарарсыздандырылады, содан кейін оларға таза және дайындалған минералды су құйылады.
Көп нәрсе суды өндіру технологиясына байланысты, сондықтан мұндай процедура өте маңызды.
19. Табиғаттағы судың айналуы. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен ауырлық күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады. Су булары ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады. атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс - кіші немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен атмосфераға қоса құрлықты қамтитын су айналымы - үлкен немесе дүниежүзілік су айналымы деп аталады. Дүниежүзілік су айналымына қатысып, құрлыққа жауған судың біразы өзендер арқылы (жер бетінгі ағын) мұхиттарға қайтадан ағып барады. Қалған бөлігі топыраққа сіңіп, нәтижесінде топырақтағы суды өсімдіктер сіңіріп, қайта буландырады. Ал одан қалған су бөлігі топыраққа тереңірек сіңіп, сулы қабатпен (жерасты ағын) қайта мұхитқа оралады. Құрлықтан мұхитқа қосыла алмайтын су көздері де бар. Оларды ішкі "ағынды" немесе "ағынсыз" сулар деп атайды. Бұл аумаққа түскен жауын-шашын толық буланып кетеді. Атмосферадағы судың (ылғал) 87%-ға жуығы дүниежүзілік мұхит суынан булануға ұшырайды. Судың ерекшелігі бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағының азайып көбейюі.Мұзың салмағы судан жеңіл болғандықтан оның бетінде қалқып жүреді. Судың түрлері олар: тұман,шық,қырау,жаңбыр,бұршақ,қар.
20. Судың сапасын қандай көрсеткіштер арқылы анықтайды? Судың сапасы - судың сапа көрсеткіштерінің адамдардың қажеттеріне немесе технологиялық талаптарга сай келу дәрежесі. Ол нормативтік талаптар түрінде білдіріледі. Тікелей адам тұтынатын судың сапасы және табиғи суқоймалардағы судың сапасы болып сараланады.
Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Жалпы ауыз судың иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы, лайлығы 2 мг/л –ден аз, кермектілігі 7-100 ммоль болуы шарт. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кететінін ескертеміз.
Ауыз судың сапасы түрлі аурулардан сақтайды, ауыз суда фтордың мөлшерден төмен болуы флюороз және кариес, темірдің, кобальт пен мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы көз ауруларына шалдықтырады.