Бақылау сұрақтарына жауап
«Шикізат дегенне?
Шикізат кезкелген технологиялық процестің маңызды эементтерінің бірі болып табылады. Шикізат: 1)бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;2)табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.
Химия өндірісінің шикізаттарын қалай жіктеуге болады?
Химиялық өндірістің негізгі міндеті - өнімді алу, осымен қоса химиялық өндіріс көп функционльді болып табылады. Химиялық өндіріс шикізатын әр түрлі қасиетіне байланысты жіктейді: шығу тегіне байланысты – минералды(қатты (кентастар, көмір), сұйық (мұнай, су), газ (табиғи жанғыш және инерттік газдар)) , өсімдік (күнбағыс, картоп, қант қызылшасы, ағаш, мақта, зығыр, қарасора, , жүгері сабақтарының шыбықтары, күріш, мақтақабығы) , жануарлар(сүт,май,ет,жұмыртқа тб) ; агрегаттық күйі бойынша – қатты, сұйық, газ тәріздес. Қорына байланысты – қалпына келмейтін және қалпына келетін. Соңдай ақ шикізатты біріншілік және екіншілік, табиғи және жасанды деп бөлінеді. Химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық ( өндірістік қалдықтар,тастар) және органикалық(мұнай,табиғи газ, қатты және қоңыр көмірлер,жанғыш тақтатас, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері).Минералды шикізатты рудалық, рудалық емес және жаңғыш (органикалық). Рудалық шикізат – бұл темір, мыс, хром, титан және басқа рудалар, көбінесе олардың құрамында металдардың оксидтері мен сульфидтері болады. Рудалық емес шикізат – ас тұзы, фосфориттер, апатиттре, гипс, қум, асбест, күкірт, және т.б. жаңғыш кендер – торф, тас көмірлер, сланцы және табиғи газ.
Қалпына келетін және қалпына келмейтін қорларды атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |