тақырып: Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. сағат


Тәжірибелік сабақтар №4 Тақырып: Тәрбие жұмысын жоспарлау



бет6/7
Дата14.10.2023
өлшемі46,97 Kb.
#114489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Теория и методика воспитательной работы в начальной школе (1)

Тәжірибелік сабақтар №4 Тақырып: Тәрбие жұмысын жоспарлау


Мақсаты: Студенттердің жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны туралы білімдерін толықтыру.
Негізгі сұрақтар: Тәрбие жұмысын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері. Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны.
Тапсырма: ақпарат жинақтап презентация дайындау
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Әдебиеттерге шолу жасайды.Презентация дегеніміз қандайда бір мәліметтерді баяндау құжаттар кешені. Презентация жалпы берілген тақырыпты қолайлы әрі түсінікті жеткізу тәсілі болып табылады. Презентация бір мақсатқа бағытталған, бір ойды білдіретін түрлі компьютерлік анимациалардан, видеолардан, графикалардын және музыкадан құрылады.
Презентация құрастыру талаптары:
а) презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасы бойынша құрастырылады;
б) слайдтар саны 10-15 кем болмау керек;
в) презентациялық слайдтарға үлкен мәтіндер жазыуға болмайды, жеңіл қабылданатындай және сауатты жасалынуы керек;
г) соңғы слайдта библиография көрсетілуі қажет.
Есеп беру формасы: презентация

5-Тақырып: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. 1 сағат


Қысқаша мазмұны: Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу: ұжымдық іс-әрекетте және қарым-қатынаста тұлғалық өзін-өзі бекіту, өзін тұлға және даралық ретінде ашу. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері және қағидалары. Балалар ұжымын педагогикалық басқару.
Балалар ұжымының алуан түрлілігі: мектептік сынып, клубтық бірлестік, балалар бірлестігі. Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы.Ұжымның құрылымы. Ұжым аймағы. Ұжымдағы статустар мен рөлдер. Ұжымның даму кезеңдері. Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті - оқушыларды тәрбиелеуші және дамытушы орта және оның мүшелерін қалыптастыру мен өзін-өзі іс-жүзінде көрсететін фактор.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы (мақсаты, міндеттері, қызметі, ұйымдастыру формалары және т.б.). Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: оқушылар ұжымы, мақсаты, міндеттері, қағидалары, қалыптастыру, балалар ұжымы, даму, өзін-өзі басқару, әдістеме.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.
Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық
пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жаууапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін- өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:

  • оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;

  • дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

  • сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

  • ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін- өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

  • «өзіміз шараны ойластырамыз»;

  • «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

  • «өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады».

А. С. Макаренконың көзқарасынша «Өзін –өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес». Олай болса, өзін- өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.
Өзін- өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:

  1. Сынып жағдайында өзін –өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.

  2. Мектеп оқушыларының өзін –өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін –өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін- өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөнінідегі орынбасары жетекшілік етеді.

  3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін –өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен- 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер- 5, ата- аналар- 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.

Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді.
Бүгінде оқушылардың өзін –өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.
Оқушылар ұжымындағы өзін –өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:

  1. Әрекеттің мақсатын анықтау.

  2. Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау) .

  3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).

  4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).

  5. Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).

  6. Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

  7. Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).



Тәжірибелік сабақтар №5 Тақырып: Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі тәрбие үдерісінің ғылыми тұрғыларына сипаттама: (тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-әрекеттік, аксиологиялық, гуманистік, т.б)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет