Тақырып: Тыныс алудың организм үшін маңызы. Тыныс алу гигиенасы. Ауаға қойылатын талаптар



Дата17.02.2023
өлшемі6,08 Mb.
#68888
Байланысты:
Органы дыхания

Тақырып: Тыныс алудың организм үшін маңызы. Тыныс алу гигиенасы. Ауаға қойылатын талаптар

Тақырып: Тыныс алудың организм үшін маңызы. Тыныс алу гигиенасы. Ауаға қойылатын талаптар

  • Жоспары:
  • Тыныс алу, оның маңызы. Тыныс алу жүйесі.
  • Тыныс алудың реттелуі
  • Ауаға қойылатын талаптар

Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы.

Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:

  • Ауа жолдары.
  • Өкпе.
  • Тыныс бұлшық еттері.
  • Тыныс жүйкелері.
  • Тыныс орталықтары (ОЖЖ).
  • Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады.
  • Рис 91

Ауа жолдары

  • Мұрын қуысы (cavum nasi)
  • Жұтқыншақ (pharynx)
  • Көмей (larynx)
  • Кеңірдек (trachea)
  • Бронхылар (bronchi)

Тыныс алу кезеңдері тыныс алу 5 кезеңнен тұрады:

  • Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы.
  • Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы.
  • 3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы.
  • 4. Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы.
  • 5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.

Тыныс орталығы туралы қазіргі түсініктер соңғы жылдары қалыптасты. Тыныс орталығы – ОЖЖ-нің түрлі бөлімдерінде орналасқан жүйкелік құрылымдардың жиынтығы, орталықтар үркері. Жұмысшы орталық булбарлық болып табылады. 1. Сопақша ми – инспираторлық және экспираторлық жүйкелер, дорсалдық және вентралдық ядроларда орналасады, орталықтың автоматиялық қасиеті бар. 2. Вароли көпірі – пневмотаксиқалық және апнейстикалық орталықтар.

  • Тыныстың реттелуі
  • Артериалық қан мен мидың жасушадан тыс сұйықтығындағы газ құрамын қамтамасыз етеді.
  • Тыныстың қоршаған орта мен организм тіршілігінің өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.
  • Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы
  • Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығын құрады.
  • Бала
  • Жасы
  • 6
  • 7
  • 10
  • 12
  • 15
  • 17
  • Ер бала
  • 1200
  • 1400
  • 1630
  • 1975
  • 2600
  • 3520
  • Қыз бала
  • 1100
  • 1200
  • 1460
  • 1905
  • 2530
  • 2760
  • Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде – 4 л, футболистсрде – 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде миөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. 
  • Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. 
  • Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсср ететінін естен шығармаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет