Тақырып. Тірі жүйенің ұйымдасуының деңгейлері Тапсырма №1



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,47 Kb.
#129621
1   2   3
Тапсырма №2: Сұрақтарға жауап жазу.
1. Термодинамикалық тепе-теңдік немесе максимальды энтропия жағдайы дегеніміз не? Өлі және тірі материяларға мысал келтіру.
Егер жүйе адиабаттық оқшауланған болса және оның қандай да бір
тепе тең күйдегі энтропиясы максимал мәнге ие болса, онда жүйенің бұл
күйі термодинамикалық тепе тең күйі болып табылады. Басқаша айтқанда
жүйе адиабаталық оқшауланған болса, онда өздігінен ешқандай басқа күйге
өте алмайды.
Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайында күй параметрлері (Т температура, қысым, молекулалар концентрациясы және т.б.) жүйенің барлық нүктелерінде бірдей болады. Бұл жағдайда жүйеде қандай да бір процесс өтуі мүмкін емес
2. Неге тірі организм тепе-теңдікке ауысуға ұмтылмайды, одан алшақ болуға тырысады?
Оның себебі тірі организм –биологиялық жүйе, үнемі динамикалық қозғалыста болады және гетерогендік әртекті жүйе болып саналады. Атап айтқанда, биологиялық жүйе өзін-өзі басқаратын болғандықтан, бұған тән қасиеттер өлі табиғатта кездеспейді.
Термодинамиканның ІІ заңын ашық жүйелерге қолдану бір қатар қиындықтар туғызады. Изоляцияланған жүйелерде өздігінен жүретіін процестердің бағытының кретериі энтропияның өсуі болып табылады. Ал соңғы күйіне тепе – теңдік күйі жатады. Ал ашық жүйелер бірінші кезекте, биологиялық жүйелер, тепе – теңдік жағдайда өмір сүруін токтатады.
3. «Теріс энтропиямен» коректену дегеніміз не?
Жердегі организмнің жалпы энтропия алмасуын қарапайым түрде фотосинтез процес інде көмірқышқыл газымен судан күрделі органикалық молекулалардың түзілуі және тыныс алу кезінде фотосинтез өнімдерінің ыдырауы деп қарастырса болады. Дәл осы энергия алмасуы жеке организмнің және жер бетіндегі тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Осы көзқарас тұрғысынана тірі жүйелердегі тіршілік әрекеті нәтижесіндегі энтропияның кемуі организмнің жарық квантын жұтуымен конпенсацияланады. Ал жарық квантын шығаратын күн жұлдыздарында ядролық реакциялар нәтижесінде оң энтропия түзіледі.
Бұл принцип барлық тірі организмдерге қатысты. Оларға қоректік заттармен бірге түсетін теріс энтропия сыртқы ортада осы қоректік заттар түзілгенде оң энтропияның түзілуімен қабаттаса жүреді нәтижеде жалпы организм + сыртқы орта жүйесіндегі энтропияның өзгерісі әр қашанда оң болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет