Тақырып. Тірі жүйенің ұйымдасуының деңгейлері Тапсырма №1



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,47 Kb.
#129621
  1   2   3
Байланысты:
Шымберген Мереке М2-БО-23-1К теор. биол. тк2 (копия)


Шымберген Мереке
Группа М2-БО-23-1К
Тақырып. Тірі жүйенің ұйымдасуының деңгейлері
Тапсырма № 1. Кесте толтыру

Тірі ағзаларды ұйымдастырудың негізгі деңгейлері

Мазмұны мен сипаттамасы

Молекулалық

Молекулалар – ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК,РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады.

Жасушалық

Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.

Ұлпалық

Ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегі мен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.

Мүшелік

Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функционалдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.

Ағзалық

Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.

Популяциялық-түрлік

Популяциялық-түрлік деңгейде шығу тегі , тіршілік ететін және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан біртекті ағзалардың жиынтығы түзіледі. Бұл деңгейде жалпы алғандағы элементарлық эволюциялық өзгерістер жүреді .

Биоценоздық

Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі — биоценоздық деп аталатын біртұтас жүйені түзеді .

Биогеоценоздық ( экожүйелік)

Биогеоценоздық ( экожүйелік) – түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін(биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі .

Биосфералық

Биосфералық – ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі.
Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымдағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет