Тақырып:Қазірг заманғы жаратылыстанудың физикалық концепциясы.
Тапсырма: Материя ұйымдасуының құрылымдық деңгейлері. Өзара әсерлесудің төрт түрі. Тәртіп пен хаос. Энтропия. Синергетика ұғымы.Жалпы салыстырмалық теориясының уақыт пен кеңістікті сипаттауы. Жарық принциптері, олардың эвристикалық және методологиялық мәндері
Материя ұйымдасуының құрылымдық деңгейлері.
Материяның негізгі сипаттары –құрылымдық және жүйелік.
Материя құрылымы дегеніміз оның микроәлемдегі құрылысы, яғни оның молекула, атомдар, элементарлық бөлшектер түрінде өмір сүруі. Осы көзқарас бойынша материя құрылымы өзара байланысқан шексіз көп тұтас жүйелердің өмір сүруі ретінде қарастырылады: Метагалактика, жеке галактика, жұлдыздар жүйесі, планета, жеке денелер, молекулалар, атомдар, элементаралық бөлшектер. Материяның құрылымдық қасиетімен қатар, екінші бір жағы – жүйелілік. Жүйе дегеніміз – белгілі бір тәртіппен орналасқан және өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Өлі табиғатта объектілер жиынтығы олардың өзара байланыс энергиядан көп болған жағдайда толық жүйе болып қалыптасады. Ал егер басқаша жағдайда жүйе пайда болмайды немесе тарап кетеді. Ішкі байланыстар энергиясы әрбір жүйе құраушы элементті жеке-жеке бөліп әкетуге жұмсалатын энергия. Денелерде ішкі энергияның мәні әр түрлі болуы мүмкін. Материалдық жүйе неғұрлым кіші болған сайын оның элементтері өте күшті байланысады. Ал элементарлық бөлшектерде байланыс энергиясы одан да жоғары. Атом ядросында ең күшті ядролық күш жинақталған. Тек микроәлем деңгейінде қазіргі кезде физиктер материя неден тұрады деген сұраққа жауап іхздейді. Материя бөлінуінің шегі бар ма деген сұрақ адамзатты бұрыннан толғандырып келеді.
Ұзақ уақыт бойында атом ең бөлінбейтін бөлшек ретінде немесе біздің әлемдегі заттар мен құбылыстар құрайтын «кірпіштер» есебінде саналып келді. Бірақ ХХ ғасырдың басына қарай бұлай емес екендігі белгілі болды. Алдымен электрон, одан кейін бірнеше түрлі элементаралық бөлшектер ашылды. Көптеген элементаралық бөлшектердің антибөлшектері, яғни теріс зарядты бөлшектері бар екен, электрондарда – позитрон, протондарда – антипротон, нейтрондарда – антинейтрондар бар екен.
Заттар қарсы заттармен түйіскенде аннигиляция процессі жүреді немесе бөлшектер мен қарсы бөлшектер фотондар мен мезондарға айналады. Материя терминінің қалыптасуы бірнеше этаптан өтті. Біріншісінде ол табиғат құбылыстарымен теңестірілді(Гераклит - от, Фалес су, Анаксимен ауа). Бұл кезеңді ф – да қиялы деп атайды.
Екiншi кезеңде - материя атомдар мен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер жиынтығы мен тенестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең қолданылып 20ғ. дейiн беделдi болды.
Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда - механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт материяна дене-субстанциясы деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, “универсум”- алыпты механизм, әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.
Төртiншi кезеңде - 19-20 ғ.ғ.физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар (радиактивтiлiк құбылысы, рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы бар болып шықты, оның өзi зарядталған ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық деңгейлердi траекторияларда қозғалыста, тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi, протон, позитрон және нейтринолардың күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемi қозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк (толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi - фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т. б. Француз математигi А. Пуанкаре 1902 жылы “Материя ендi жоқ, ол ғайып болды” деген түйiнге келдi.
Бесiншi кезеңде - б. з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитың материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.
Материя - кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы. Метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз - адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесi жасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш. т.ж.18т.138б.).
Материя - дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория. Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi “таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе. Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза - материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте - атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар - материяның жеке түрлерiнiң әр түрлi күйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т. б.).
Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт. б. тiрi организмдердiн пайда болуына әкелдi).