А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті.
1-ден, жетекші ісәрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады.
2-шіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады.
3-шіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Әр даму кезеңдерін өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі.
Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі.
Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)-