№5 Тақырып: Топтың спецификасы психокоррекция формасы ретінде.
Сағат саны:1
Дәрістің жоспары:
Топтың спецификасы психокоррекция формасы ретінде.
Топтық психокоррекцияның мақсаты мен міндеттері.
Коррекциялық әсер етудің негізгі механизмдері.
Топпен психокоррекциялық жұмыс. Психокоррекциялық жұмыс тиімділігіне әсер етуші факторлар.
Топтық психокоррекция.
Дәрістің мазмұны:
1.Топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік.
2.Психокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері.
3.Топтарды құру ерекшеліктері. Топтық динамика.
4.Психокоррекциялық топтарға жетекшілік жасау.
Психокоррекциялық топтар дегеніміз уақытша біріккен шағын адамдар, арнайы
бекітілген жүргізушісі бар, белгілі бір уақытта кездесулер өткізетін.Бұндай
топтардың негізгі міндеттері - өзара зерттеу, өзінің тұлғасы туралы білім
алу, оның дамуы және өзін ашуы. Лакин (1972) психокоррекциялық топтар үшін
ортақ болып табылатын, алты процесті жіктейді,топтар:
1. эмоцияны көрсетуді жеңілдететін;
2. ұжымға жататынын сезімді жасайтын;
3. өзін ашуға ынталандыратын;
4. жаңа мінез- құлық моделдерімен таныстырады;
5. тұлғаның ерекшеліктерін топтың жеке мүшелерімен салыстыруға
себептеседі;
6. басқарушы мен қатысушылар арасында жауапкершілікті бқлуге септеседі.
Топтардың төрт түрінің міндеттері практикада байланысқан, мысалы, көптеген
оқу топтары соңғы нәтижесі бойынша терапевтік болып табылады.
Бақылау сұрақтары: топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік,
сихокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері және топтарды құру
ерекшеліктері. Топтық коррекцияның негізгі ұғымдары.
Әдебиеттер:
1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005.
2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995.
3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992.
Психокоррекция дегеніміз- адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу .Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады. Т-топтың жетекші ұғымдары: үйрету зертханасы , оқу жолдарын үйрету, «қазір және осы жерде» ұстанымы.
Үйрету зертханасының негізгі міндеті қатынасушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық жаңа тәжірибесін апробация жасату.«Қазір және осы жерде» ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсетуге үйрету.
Т-топтарының негізгі мақсаты – барлық қатысушыларға сыйысымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету. И.Д.Ялдың анықтауы бойынша Т-топтардың басым көпшілігіне тән 10 факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық – топтағыларға адамдардың арақатынастарын нығайтуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттеріне сендіру – топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттердің орын алатынына, болашақта табысты болатынына сендіру.
3. Қорытындылау - әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінін көрсетіп беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру – жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру - өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз нәрсеге көшіру.
7. Бірін-бірі үйрету – топ мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары – қатынасушылардың топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез – басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:
- коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.
- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.
- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелелрінің түрлерін белгілеу.
- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.
- еркні бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.
Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты:
Теориялық жағынан ( баланың психикалық даму заңдалағы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі ) дамуы, арнайы әдістерді ( бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін ) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.
Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі мен сенімділігі.
Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі (өзін-өзі басқару) – бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.
Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің психологиялық –педагогикалық
Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады. Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету болып анықталады. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін (оқыту, тәрбиелеу және дамыта-түзету) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады [4.35]. Дефектология мен арнайы педагогика жұмысында коррекцияны баланың дамуымен жиі байланыстырады, өйткені біріншіден ол аномальды балалардың дамуы, екіншіден кемістіктерінің түзетілуіне мақсаттандырылғандықтан. Бірақ коррекциялық педагогикалық жұмыс жөнінде сөз айтылса, онда оны оқытуды, тәрбие мен дамуды өзіне қосатын, білім беретін процестен жұлып алуға мүмкін емес. Сондықтан коррекциялық даму арнайы ұйымдастырылған және бағытталған процесс ретінде коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуден тыс бола алмайды. Оқушылардың дамуы оқыту мен тәрбие процесі барысында жүзеге асырылатындақтан коррекциялық ықпал ету де бұл әрекеткеде қатысады. Біздің ойымызша коррекциялық әрекеттің психологиялық- педагогикалық мәнін және оның профилактикалық бағытын, ең терең ашқан психологтар мен психотерапевтер (С.А.Бадмаев, Г.В.Бурменская, О.А.Карабанова, А.Г.Лидерс, т.б.) олар коррекцияға ерекше үлгімен ұйымдастырылған, психологиялық ықпал ретінде қарады, ал ол топтардың қатынасы жоғартылған тәуекелге және қайта құруға бағытталған. Арнайы педагогика мен дефектологиядағы оқулық пен оқу құралдарда коррекциялық іс -әрекетің түрлері (дамытушы, білімдік, тәрбиелік) аномалды баланың психикалық және дене бітімінің дамуындағы ауытқушылықты түзету немесе әлсіретуге арналған іс –шаралар жүйесі ретінде, үдеріс ретінде де қарастырылады. (В.В.Воронкова, И.Г.Еременко, С.Д.Заброшная, В.А. Лапшин, Б.П.Пузанов және т.б.). Коррекция оқу тәрбие процесі барысында өмірлік қажетті қасиеттерді қалыптастыру немесе әр түрлі іс -әрекет түрлеріне қосу арқылы психофизикалық кемістіктерді жою немесе әлсірету тәсілі[4.28]. Коррекциялық педагогика өкілдері коррекциялық жұмыстың жеке бағдарламасы болмайды, белгілі бір пәннің мазмұнына сәйкес құрылған оқу материалын меңгерту барысында жүзеге асады, сонымен қатар мінез–құлық пен дамудағы жеке кемістікті түзету үшін арнайы педагогикалық тәсілдер, ағзаның жеке қызметін қайта құру, белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері шешімін табады. Коррекциялық–педагогикалық іс-әрекет –білім беру процесін қамтитын күрделі психофизиологиялық және әлеуметтік–педагогикалық құбылыс, ретінде біртұтас (педагогикалық іс -әрекет обьектісі, субъектісі, мақсат, мазмұн, тәсіл, бағалау, нәтиже) айқындалады. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің түрлері: •Диагностикалық –коррекциялық •Коррекциялық –дамытушылық •Коррекциялық –алдын-алушылық •Тәрбиелілік-коррекциялық •Білімділік-коррекциялық •Психокоррекциялық іс-әрекет Арнайы коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің принциптері: коррекциялық, алдын-алушылық, дамытушылық міндеттердің жүйелілігі. Жүйелілік бала тұлғасының әр түрлі жақтарының дамуының өзара байланысын бейнелейді және біркелкі болмауы мәселесін де қарастырады. Бала тұлғасының дамуының әркелкілігі заңы әр адамның бір жас кезеңінде әр түрлі даму деңгейінде болатындығын көрсетеді: Қолайлы деңгей нормаға сәйкес даму Тәуекел деңгейі дамудағы қиындықтың туындау мүмкіндігі 1. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мақсаты мен міндеттерін анықтауда жеткіншектің даму деңгейіне болжам жасаған дұрыс, көбіне ауытқушы мінез –құлқының сол сәттегі көрінісіне ғана мән береміз. Алдын -алу шараларын уақытылы қолдану арқылы жеткіншектің даму мен мінез –құлқындағы қиындықтарды жоюға болады, сондықтан жеткіншеку тұлғасының үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдай туғызған дұрыс. 2 Диагностикалау мен коррекциялаудың бірлігі принципі біртұтас педагогикалық процестің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Коррекциялық жұмысты нәтижелі жүргізу үшін сыналушы туралы, мінез –құлқы мен қарым –қатынасының ерекшелігі туралы мәліметтер қажет. Коррекциялық-педагогикалық процесс өзгерістерді тіркеуді, коррекция нәтижелілігін және барысын жүйелі бақылауды және диагностикалауда коррекциялық-педагогикалық іс -әрекеттің барлық кезеңдерін (мақсат, міндет, әдіс, тәсіл, нәтиже) қамтуды талап етеді. 3. Коррекциялық –педагогикалық процесте жеке және жас ерекшеліктерді есепке алу принципін тұлға дамуының нормативтілігі принципі негізінде қарастыру керек. Психологиялық жас ұғымын Л.С.Выготский ұсынып, ол тұлға құрылымы мен іс - әрекетінің жаңа типі, бала санасы мен оның ортаға қатынасы, ішкі және сыртқы өмірі, сол кезеңдегі даму барысы деп түсіндірді. Д.Б.Эльконин психологиялық жасты үш параметрге бөлуін коррекциялық - педагогика- лық жұмысты ұйымдастыруда қолдануға болады. 1-параметр – «дамудың әлеуметтік жағдайы» (Л.С.Выготский бойынша) бала дамуы- ның динамикасын талдау бірлігі, яғни әр жас кезеңінде бала тұлғасы қөп құрылымының өзгеруі мен қалыптасуын айқындайтын заңдар жиынтығы. 2-параметр –психологиялық жаңа құрылымның қалыптасуы деңгейі мен әр жас кезеңіндегі дамуға әсерінің айқндалуы. Жеткіншектік кезең –психологиялық жаңақұрылымдарға бай кезең (сана, іс -әрекет, өзгелермен өзарақатынас жүйесі). 3-параметр –жетекші іс -әрекеттің даму деңгейінің баланың қалыптасуына ықпал етуі. Жеткіншектік кезеңде қарым –қатынастың ролі зор, сондықтан коррекциялық процесті ұйымдастыруда осы мәселені ескерген абзал. 4. Коррекциялық іс -әрекеттік принципі коррекциялық жұмысты ұйымдастырудың тактикасын және мақсатты жүзеге асырудың тәсілін айқындайды, сол себепті баланың белсенді іс -әрекетін ұйымдастыру, күрделі шиеліністі жағдайда бағдар алуда қажетті алғы шарттарды туғызу, әлеуметтік қабылданған мінез –құлық алгоритмін айқындау қажет. 5. Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің әдісі мен тәсілін кешенді қолдану принципі. Коррекциялық педагогикада тұлғаның даралық –психологиялық ерекшелігін және әлеуметтік даму жағдайын, педагогикалық процестің оқу -әдістемелік қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық деңгейін есепке алатын тәсіл, әдіс, құралдардың жиынтығы қажет [3.52]. Адамның жеке басын бір тұтас ағза деп қарстыратын психологиялық жүйе кемтарлықтың орнын еселеп толықтыру туралы мақсатты ой басты орын алады. Осы орайда неміс ғалымы В.Штерн менің организміме әсер етпеген нәрсе мені қуаттандырады да, оған қарсылықты күшейтеді, әлсіздіктен күш пайда болады, ал кемістікті толықтыруға қабілеттілік артады деген тұжырым жасайды. Европа мен Америкада кең тарап, ықпалды болған психологиялық бағыт Австрия психиаторы Адлер мектебі. Бұл бағыт бойынша жеке адамның психологиясын белгілі бір жүйемен зерттейді. Адам организміндегі кемісті толықтыру деген түсінік органикалық процестерге тән жоғарғы қасиет және мұндай қасиет заттық дүниенің негізгі заңдарымен байланысты. Біздер орын толықтыру туралы биологиялық теорияны әлі күнге дейін жете білмейміз дегенмен органикалық тіршіліктің жеке салаларында мұндай құбылыстар жете зерттеліп, тәжірибеде қолданылады. Ал орнын толықтыру жайындағы түсінік ғылыми тұрғыдан анықталып, ол адам өмірінде қолданылып отыр. Міне, осы ауруға егілген дәрінің қуаты бала организмін нығайтып, оған тікелей әсер ететін зиянды заттарға қарсы тұратын қорғаныс реакциясы жасалады. Адам организмінде жасырын түрде тұйықталған күш –қуат қоры сырттан қауіп төндіріп тұрған ауру әсерінен әлдеқайда басым түсіп, төтенше қауіптен сақтауға даяр тұрады. Қанның ақ түйіршіктері сол ошақта көп жиналып жұқпалы аурудың әсерінен қарсы күреседі. Міне мұны біз кемістіктің орнын еселеп толықтыру дейміз. Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістігін жетілдіруге кетеді. Сөйтіп оның бойында жасырын жатқан қабілеттері жанданып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп кемістік есесін толықтырып, оның талапкерлігі мен дарыны өзгереді. Осы бағытта ертедегі грек жұртының шешені Демосфен тілінің кекештік кемістігін жетілдіру үшін тілінің стына ұсақ тас салып тауға, теңіз жағасына барып сөйлеп жаттыққан. Сөйлеуін жетілдіру үшін көптеген кедергілерді жеңген. Сөйтіп заманының әйгілі шешені болған. Өз ағзасын жетілдіру жолында көптеген қиыншылықтарды жеңу үшін аянбай күш жұмсаған адамдарды біздер тарихтан жақсы білеміз. Мысалы: оларға А.В. Суворов, Л.В. Бетховендерді жатқызуға болады. Ал, Демосфен деген кекеш әйгілі шешендік дәрежеге қолын жеткізген. Соқыр әрі мылқау Е.Кедлер тіршілік азабын табандылықпен жеңіп, атақты жазушы болған. Осы баяндалған фактілердің бәрі адамның бойындағы кемістіктерін толықтырып, қалыпты жағдайға келтіру жолында ерік–жігерін шыңдап, онымен күресуді сергітіп, өз бойындағы күш –қуатына сенімін арттыра түседі [1.15]. Әдебиет: Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері (оқу құралы) – Алматы 2014. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - Москва. Генезис, 2000. Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. - Қарағанды: САНАТ–Полиграфия, 2008. Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 2001. Тебенова К.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология. – Алматы 2011.
Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан психотерапевтік әдістің бұл формасы әртүрлі ауруларға қарсы қолданылады.
Әдебиеттерде неврозды емдеу, психогендік ауытқу, мінездің паталогиялық ерекшеліктері, наркомания, алкоголизм, токсикамания, психоз және эпилетциялар, нерв жүйесінің оргаикалық аурулары, жүрек тамыр және басқа да аурулар сипатталған.
Топтық психотерапия адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылмайды- мектепке дейінгілерге бастап( бұл әдісті мысалға ; А.В. Спиваковская) қарт адамдарға дейін ( И.А Мизрухин бұл психотерапевтік әдіспен 100-142 жастағы адамдарды емдеген)
Көптеген психотерапевтердің көзқарасы бойынша, топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынастарында едәуір ауытқушылықтары бар адамдарға қолданылады. Сонымен қатар мұндай адамдарға фобикалық бұзылу қарым-қатынастық конфлик тән болғандықтан индивидуалды психотерапияда жүргізіледі.
Топтық психотерапия көп жағдайда ауру адамға өзінің жекелік тұлғасы үшін қауіп қатерлі ситуация сияқты болып көрінеді. Бұл ситуация жаңа қорқыныш пен қорғануды тудырады. Ауру адамдар өздерін қорқынышта сезінеді, топта ашылудан үрейленеді, және де бұл әдістің мақсаттылығын түсіндірп беру қиынға соғады.
Сол себепті психолог ауруды топқа қатысу үшін дайындау керек, жағдайларды өзгету керек, мотивайиондық компаненттерді күшейту керек- осының барлығы да ауруды емдеуде көп көмек береді. Психолог аурумен топтық психотерапияның ситуациясына оның қатынасын үнемі сұрастыруы керек, оның көзқарасын ескеруі қажет.
Міне осындай психологпен жеке қатынас арқылы тек қана жеке ауру адамның ғана емес жалпы топтық психотерапияның ішкі мәнін толықтыра алуға болады.
Емдеудегі дәрігер топтық психотерапия кезінде ауру адаммен не болатын, оның қандай күйде болатынын әрдайым қадағалап отыруы керек. Ол оған қысым көрсетумен қатар қорғайда білуі жөн.
Негізінде топтық терапиямен айналысатын психолог, индивидуалды психотерапевтік қабылдаумен айналыспайды. Ол аурудың жеке дәрігерімен және жеке психологімен қарым-қатынаста болады. Бұл ауруды топтық психотерапияға қосу үшін қажет шарт.
Индивидуалды психотерапия топтық жұмыспен қатар жүргізіле береді, алайда оның қарқындылығының дәрежесі ауру адаммен жұмыс фазасымен емделу фазасына тікелей байланысты.
Осылайша индивидуалды психотерапиямен емделудің соңғы фазасында ол шектеліне береді. Негізгі мақсат топтық жұмыстың формасына қойылады. Бұл кезеңде клиент өз іс -әрекеттерін бақылау қатар,тек қана өзі өмірін өзгерте білетінін сезінуі қажет.
Бірқатар психотерапевтердің пікірі бойынша, топтық психотерапияның рөлі зор, өйткені ауруға өз-өзіне басқа көзқараспен қарауға көмектеседі. Өз іс-ерекеттерін жөндеуде де маңызы зор. Топтық психотерапия ашықжәне жабықтоптан құралады. Үлкен топ 25-30 адамнан құралса, кіші топтың құрамы 8-12 адамнан құралады.
Практикалық түрде психотерапиялық топтың құрамын жасауда бірқатар шектеулер бар, мысалға; топқа мінездік истерикалық немесе ананкастикалық акцентуациялары бар, ауыр обессивтік симптоматикалық аурулары бар 2-3 адамдардың болуы дұрыс емес.
Бұндай жұмыспен айналысу жүйілігі әртүрлі бола береді-аптасына бір реттен басталып күнделіктіге дейін, көбнесе нақты ситуацияның емделуіне байланысты.
Жұмыстың оптималды ұзақтылығы -1-1,5 сағат. Топ амбулаторлық немесе статционарлық, қысқа мерзімді 1-6 айдан немесе ұзақ мерзімді ( бірнеше жылға дейін) болып бөлінеді.
Жабық топта оның мүшелерінің саны тұрақты. Ал ашық топта тұрақсыз себебі, бұндай топта жаңа аурулар қосыла береді. 50 жастан асқан адамдарменен 18-жасқа толмаған аурулар үшін, оларға сәйкес етіп топ құрылуы керек.
Психолог алдын ала топ мүшелеріне топтық психотерапияның барлық принциптері мен шарттарын таныстыруы арқылы, оның нәтижесін бұрын емделген ауруларды таныстыру арқылы түсіндіре алады.
Психотерапевтік жұмыстар міндетті түрде белгілі бір уақытта, белгілі бір жайлы жерде, дөңгелек тәрізді қойылған орындықтарда жүргізілуі шарт. Бар болған жағдайда психотерапевт ортада ақ халат пен ерекшеленуіне болады.
Жүргізілетін жұмыстардың бірінде психолог топтағы жұмыстың негізгі принциптерін топ мүшелеріне таныстыруға міндетті:
►топтық жұмыстардың қатаң тәртібін орындау,
►топта ашық және шынайы сөйлесуге тырысу,
►топта болатын жұмыс барысын сыртқа шығармау( бұл жалпы топқа, және
топ мүшесіне байланысты),
►топтағы жолдастарына топқа қосылуға көмектесу, олардың ауруларыннан
қайғы –қасіреттерінен құтылуға өзара көмектесу арқылы оларды жеңу,
►ортақ тақырыптарға уақыт кетірмеу, тек қана нақты проблемаға, нақты
жеке дара және нақты жалпы праблеманы шешу,
►өзгелердің көзқарасын пікірін, кеңесін тыңдау, бірақта шеішді өзі
қабылдау.
Біржағынан жоғарыдағы принциптер көптеген аурулар үшін ауыр сондықтанда мұндай қиындықтар ортаға салынып талқылануы мүмкін.
Дәрігер мен психологтың топтық психотерапиядағы жұмыс жасау формалары әртүрлі болуы мүмкін. Дәрігер жұмысының тәжірибесі бойынша жұмыс жасау түрлері былайша іске асады: топтағы паценттер индивидуалды психотерапияны басқа дәрігерден қабылдайды; немесе топтағы біршама клиенттер үшін дәрігер –топтағы психотерапевте бола алады.
Б.Д.Карварскийдің пікірі бойынша бір ғана дәрігердің жабық топтағы паценттері топтық психотерапияда невроз ауруларына шалдыққандар үшін ыңғайлы болып келеді.
Топтық психотерапия қарым-қатынас жүйелігі үшін анықталған мақсатқа бағытталған жолмен жүзеге асды, яғни емдеудегі мақсаттағы топтық динамикамен байланысты. Міндетті түрде топ мүшесі өзін -өзі көрсетуде топтағы басқа мүшелермен қатынасына жағдай туғызып тұғаны абзал.
Топтық қарым-қатынас нәтижесінде топ мүшелерінде ең бірінші өзінің өзгелермен арасындағы адекватты және толық механизмдер мен заңдылықтармен танысу жүреді.
Топта оның әр мүшесінің жеке дара төсуі байқалады. Белгілі бір ситуацияны бастан кешу арқылы өзіндік санасы кеңейеді. В.П.Зинченка жазғандай «өзінің объективті мәнділігінде сана өз жоғарғы сезімталдылығымен және табиғи үстемдігі арқылы тікелей қасиеттерін сақтайды-ол яғни туралығы тікелей мәні арқылы сана туынды шығарады... Мысалы: философия »
Психотерапевтік топтың дамуы мен функциялары бірқатар авторлардың ойынша, топ мүшелерінің санасымен өзіндік саналарының өзгеруінде 3 қатар финоминдерді анықтап берді. Бұл финоминдер топтың дамуының дәрежесімен байланысты, және төмендегедей сипатталады.
1.Фаза-күш салу жоғарғы дәрежеде сипатталады. Бұл жағдайда психологтың талаптарын ескеру, топтың ситуациясымен танысу, жаңа жағдапйға үйрену арқылы үрейді кетіру бұл фазаның ұзаққа созылуын тудырады.
2.Фаза-дәл осылай көп күш салушылық болады, бірақта 1-ші фазада клиенттер көбнесе пассивті күйде болса, 2-ші фазада анағұрлым белсенді іс-әрекеттілік байқалады. Сонымен қатар бұл ситуацияда психологпен пікір алмасу проблемаларды талқылау, өз күшіне өзі сенбеушілік, өзін өзі ұстай білушілік, мәселелері психологпен кең талқыланады және пацент психологтан көмек күтеді.
Бұл фазаның соңғы этапында топтың структуралық құрамы белгіленеді, оның мақсат пен нормалары қарастырылады. Жалпы алғанда бұл кезеңде жағдай тек жақсы жаққа бағытталады, белсенділік реттеледі және т.б.
3.Фаза- бұл белсенді түрде жұмыс істейтін психотерапиялық топ, қызығушылық, шынайылық, шапшаңдық психотерапиядағы міндеттерді шешуге жағдай туғызады-қарым –қатынастық жүйе өзгереді, іс-әрекет формалары түзеледі.
Топтық жұмыстағы тақырыптарды былайша бөлуге болады, жеке клиенттеердің биографиясы олардың қазіргі уақыттағы проблемалар өмірлік ситуациялар, олардың топтағы бастан кешірген күйлері.
Егер клиент топтан кететін болса, ол топтағы алғашқыда әсерін, іс-әрекетіндлегі өзгерісті баяндайды. Ал егер клиент ешқандай нәтижелі өзгеріссіз кетіп бара жатса топ бұл мәселені талқыға салып, кеңес береді.
Психологтың негізгі құралы вербальды-және вербальды емес реакция.
Сана мен өзіндік сананы дамытудағы вербальдық құралмен әсер ету психолог үшін топ мүшелерінің белсенділігін белгілеуде негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |