Тақырып: Вирусология зертханасында жұмыс істеу тəртібі
Сабақтыңмақсаты: 1. Вирусология зертханасында жұмыс істеу
тəртібімен танысу.
2. Вирустарды зерттеуге қолданатын ыдыстарды даярлауды үйрену.
Жаттығу сұрақтар
Вирусаология зертханасының атқаратын қызметі?
Вирустармен жұмыс істегенде қауіпсіздік сақтау ережелері.
Зертханалық құжаттар
Зертханалық ыдыстарды жұмысқа дайындау жəне залалсыздандыру
Сабақтың мазмұны
Вирусология – биология ғылымдарының негізгі бір бөлігі. Вирусаология ғылымының дамуына бактерия, өсімдіктер жəне жануарлар дүниесінің вирустарын зерттеу көп əсер етті.
«Вирус» деген сөз латын тіліндегі «у» деген ұғымнан алынған. Вирусаология ғылымы биологияның, ветеринарияның, медицинаның негізгі бөлігі болып саналады. Себебі вирустар адамдардың, жануарлар дүниесінің, өсімдіктердің ауруын таратады. Вирустардың құрылымдық макро – молекулалық ерекшеліктері оларды генетика, молекулалық биология ғылымдарын зерттеу үшін бірден – бір таптырмайтын құрал етіп пайдалануғамүмкіндік
береді.
Вирус дегеніміз клеткасы жоқ, өзіне тəн геномы бар жəне жоғары сатыдағы организм клеткаларының ішінде ғана тіршілік етіп, көбейе алатын арамтамақтар. Вирус – құрыысы өте қарапайым ғана жанды нəрсе.
Соңғы кезге дейін тірі нəрселердің бəрі клеткадан тұрады деп келдік. Ал бертін келе клеткаға дейін тірі нəрсенің бар екені белгілі болды. Олар – вирустар.
Оларды бактерия клеткасымен салыстырып көрсекғ бактерияларда зат алмасады, өзіне тəн химиялық реакциялар болады. ал вирустарда олардың бірде – бірі жоқ.
Вирусаологиялық зертханада ғылыми – зерттеу, өндірістік жəне оқу жұмыстары атқарылады. Зертхана 5 – 6 бөлмеден тұрады. Қабылдағыш бөлме, онда зертханаға келіп түскен патологиялық материалдар қабылданады да, тіркеуге алынады, материалды тексеруге дайындау бөлмесі, Вирусаологиялық зерттеу бөлмесіғ оған залалсыздандырылған арнайы бөлме кіреді, жарық жəне бактериоциттік шамдармен жабдықталады, автоклав қоятын бөлме, мұнда зерттеу жүргізуге қолданылатын ыдыстар залалсыздандырылады, инфекциялық материалдар зарарсыздандырылады, ыдыс жуатын бөлме виварий, мұнда зертханалық жануарлар күтіп – бағылады.
Жұмыс істегенде арнайы киім киеді. Қалайда болса вирус ауруларының таралуына жол бермеу қажет, вирустық материалдарға басқа микроорганизмдердің түсіп кетуіне жол бермеу керек, вирусты сақтау жəне онымен жұмыс істегенде жеке бастың қаупсіздігін сақтау. Вирусологиялық жұмыстарда тек стерильді ыдыстар қолданылады. Зертханада темекі шекпейді, тамақ ішпейді, жұмыс үстінде зертханада бөтен адамдар жүрмейді, əңгімелеспейді. Зерттеуші өте ұқыпты жəне жинақы болуы қажет. Ол жұмыстың алдында жəне соңында жұмыс істеген орнын дезинфекциялауға міндетті.
Вирусаология зертханасында мынадай құжаттар болуы қажет.
Зертханада сақталатын музейлік вирустарды тіркейтін кітап.
Стерилизация жəне инфекциялық материалдарды зарарсыздандыру жазып отыратын дəптер.
Зертханадағы вирустардың сақтау жолдарын тіркейтін дəптер.
Зертханаға түскен материалдардан табылған вирустарды тіркейтін дəптер.
Зертханалық ыдыстар таза жəне стериальді болу керек, оларды сабынмен, содамен, сонан соң ағынды сумен жуады, ақырында дистелденген сумен шайқайды, кептірілгеннен кейін пергамент қағазына орап, автоклавта залалсыздандырады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары
Зертханалық ыдыстарды жуу, кептіру жəне заласыздандыру үшін орап буу.