Тақырыпқа жетелеудегі сұрақтарды Блум таксономиясына негіздеудің маңызы



бет1/7
Дата21.11.2022
өлшемі59,61 Kb.
#51609
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мақала 2


Тақырыпқа жетелеудегі сұрақтарды Блум таксономиясына негіздеудің маңызы

Оқушының дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқыту жүйесінде тақырыпты меңгерту сұрақсыз жүзеге асырылмайды. Ал сол сұрақ бізге соншалықты қажетті ме? Оқушыны тақырыпқа қатысты қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету ғаламтор жүйесі қолжетімді жағдайда аса қиындық келтірмейді. Олай болса, оқушы тақырыпты меңгеру үшін бар мүмкіндік жасалды делік. Мұнан соң тиімді таңдалып алынған әдіс-тәсілдер арқылы меңгерілген білім деңгейін анықтау қажеттігі туындайды. Міне, осы кезде «сұрақ мырза» сахнаға шықпақ. Маңыздысы оның кімдердің атынан шығуы емес, қандай тұлғада шығуы, меңгерілген немесе меңгерілуге тиісті білімді қалыптастыруға, бағалауға, анықтауға тиімділігінде. Былайша айтқанда, ауқымды білімді миға сіңіруге септесетін, оны ойда қорытуға мүмкіндік беретін қолайлы «тұздық» бола алуында.


Психология ғылымының кандидаты, психолог-кеңесші И.И.Aминoвтың: «Сұрақ қоя білу ақыл мен көрегенділіктің қажетті белгісі болып табылады», – деген сөзі бар. Ғалымның айтуынша, сұрау дегеніміз – мәліметтерге қол жеткізу және алынған ақпаратқа өз бағаңды беру [1].
Демек, сұрақтың дайын ақпарат мәліметтерін игеруге қатысы жоқ деу – қате түсінік. Бірақ білімді игерту оңды-солды сұрақтармен төпелей беру деген сөз емес. Осы орайда неміс философы И.Канттың: «Саналы сұрақ қоя білудің өзі ақыл мен көрегенділіктің маңызды және қажетті белгісі болып табылады. Егер сұрақтың өзі мағынасыз болып және мәнсіз жауапты қажет етсе, онда сұраушының ұятқа қалуынан басқа, оның тағы да келесі кемшілігі бар, зейінсіз тыңдаушыны мәнсіз жауап беруге жетелейді және күлкілі көрініс туғызады...», – деген сөзі ойға келеді [5, 196-267].
Бұл енді – сұрақты қолдану қажеттігінің екінші жағы. Өкінішке орай, оқушылар тұрмақ, мұғалімдердің де сұрақтарды құрастыру дәрежесі әр түрлі деңгейде болып келеді. Көп жағдайда екі жақты қойылған сұрақтар берілген ақпараттар төңірігінен аспай жатады. Әрине, бұл сұрақтардың да оқу мен оқыту үдерісінде алатын өзіндік орны бар. Мәселен, берілген ақпаратпен танысу және түсіну деңгейін анықтау, мәтінді қаншалықты зейін қойып оқығандарын, ондағы ақпараттарды қорыта алуы мен жүйелі орналастыра білуін анықтау үшін керек. Демек, сұрақты сан түрлі мақсатта сан түрлі құбылтып қолдана білуге болады. Осылайша төменгі деңгейлі сұрақтардың мынадай артықшылықтарын тануға болады. Төмен деңгейлі сұрақтар мүмкіндік береді:

  • бүкіл сыныптың үй тапсырмасын орындау деңгейін тексеруге;

  • берілген ақпаратты қаншалықты деңгейде меңгергенін білуге;

  • тақырыпты түсініп оқығандарын анықтауға;

  • мәтінді қаншалықты толық оқығандарын білуге;

  • керісінше, нені түсінбегендерін немесе ақпаратты қаншалықты деңгейде меңгермегендерін анықтауға;

  • берілген жауап арқылы алдағы жұмыс барысын қайта жоспарлауға;

  • оқушының білімін берілген жауаптар негізінде бағалауға.

Көп білетін адамнан және ары қарай білгісі келетін адамнан ғана көп сұрақ туындайды. Оқушы білімінің деңгейін анықтауда да осы қағиданы ұстану қажет. Қарапайым ғана мысал, балабақшадағы балалар алғаш бұршақты көргенде, барлығы бірдей «Бұл не?» деген сұрақ қояды. Ал «Бұл қалай жасалды?» деген сұрақты бірлі-жарымы ғана қойса, «Ол неге бұршақ деп аталды?» немесе «Ол нелерге зиян келтіреді?» деген сұрақтарды бір-екеуі ғана немесе мүлдем қоймауы мүмкін. Сұрақтың деңгейі де білуге деген құштарлықтың өсуімен бірге дамып отырмақ. Мектептегі оқушыларда да сұрақтар олардың түрлі қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады. Мәселен, жаңа ақпарат алуға, өзі білгенді нақтылауға, әңгімені басқа арнаға бұруға, сұрақтың жауабына нұсқауға, өз ойын жариялауға, бағалауға, өз көзқарасын танытуға байланысты туған сұрақтар. Сұрақ арқылы адам өзіне беймәлімге қадам жасайды, беймәлімнің сырын ашуға тырысады. Сұрақ оның сол беймәлімге салған көпірі іспеттес. Сол арқылы беймәлімнің шешімін табуға, кейбір анық емес мәселелерді айқындауға бағытталған танымдық әрекеттерге қадам жасайды, адамның іздеу, зерттеу әрекетіне түрткі болатын бастапқы құрал болып табылады. Осылайша білуге деген қызығушылық үздіксіз жалғасып отыратын сұрақтар шеруін тудырып отырады. Дұрыс сұрақ ойлана білген жағдайда ғана туындайды. Демек, сұрақ қоюға үйрету ақпараттық мәліметтер соңына сұрау белгісін қойып шығу емес. Бұны ұзақ та, ізденісті үйрету мен баулудың нәтижесінде қалыптасатын қасиет деп таныған жөн. Сұрақтарды өз тарапынан құрастыра білмеген адамда білуге деген «ашқарақтық» туындамайды. Оның осы уақытқа дейін жинақтаған білімі де тиянақталмаған күйде қалып отырады. Бұл ол қордың санадан тез «шайылып» кетуіне соқтыруы мүмкін. Сол себепті де сұрақты алған ақпарат легін санада сұрыптап реттестіретін тетік ретінде таныған дұрыс. Сұрақты дұрыс құрастыра білу әрекеті тек білімді қалыптастыруға ғана емес, қоршаған ортамен еркін қарым-қатынас жасауға да септігін тигізеді. Өзіне не керектігін, ол жауапты кімнен, қалай алуға болатынын дұрыс пайымдай білу – беймәлім ақпараттар көпірі жедел ауысып отырған бүгінгі қоғамға аса қажет біліктіліктің бірі.
Қойған сұрағына қарай тұлғаның даму деңгейін тануға болады. Сұрақ деңгейі – оның ойлау деңгейінің көрінісі. Ф.Бэконның айтуынша, «... тез жауап алғысы келген адамның мақсаты күмәнмен аяқталады» [4].
Сұрақ қою қажетті ақпаратты жедел алу немесе тексеру әрекетін емес, ортада кеңінен талдау жасау арқылы білімді жинақтау үдерісіне айналдыру мақсатын көздеуі тиіс. Тәжірибе сабақ үдерісіне белсенді түрде тартылған оқушылардың көпшілігі аса тереңдеп ойлануға апармайтын жеңіл сұрақтар қоюға дағдыланғанын көрсетіп отыр. Сайып келгенде, бұл сынып оқушыларының ойлау деңгейінің емес, сол сыныптағы қалыптасқан дағдының көрсеткіші болуы да мүмкін. Осы уақытқа дейін дұрыс жауап пен дұрыс сұрақтың «үлгісіне» айналған мұғалімнің әрекеті – сынып оқушылары еліктейтін негізгі ресурс. Олай болса, оқушылардың сұрақты дұрыс құрылымдай білмеуіне басты себепші де оның ұстазы болмақ. Діттеген нысанасын сұрау белгісінің «ілмегіне» шеберлікпен іле білген ұстаздың шәкірттері де жоғары дәрежелі сұрақтарды құрай алмақ. Сұрақтарды құрастыру, олардың деңгейін анықтау мен көтеруге үйрететін көптеген әдіс-тәсілдер бар. Соларды жүйелі түрде, әрбір пән мен тақырып ерекшеліктеріне қарай тиімді қолданған жағдайда ғана оқушыларды сапалы сұрақ құрастыруға үйретуге болады.
1956 жылы Бенджамин Блум «Білім беру мақсаттарының таксономиясы: таным саласы» атты кітабын жазды [3].
Оның когнитивті үдерістерінің тізімі ең қарапайымнан басталып, діттеген идеялардың құндылығы мен мәнін пайымдаудан тұратын анағұрлым кешенді ілімді ескере отырып, иерархиялық тұрғыда құрылымдалған. Содан бері ол сипаттаған ойлаудың алты деңгейлік қадамы сан түрлі бейімдеулерден өтіп, сан түрлі жағдайларда қолданылып келеді.
Гуманитарлық пәндер бойынша Блум таксономиясын төмендегі үлгі бойынша қолдануға болады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет