РР/с
|
Сұрақтың түрі
|
Сипаты
|
Мысалдар
|
1
|
Қарсы сұрақ
|
Жауап орнына берілетін қарсы сұрақ
|
Өзіңіз бұған қандай баға бергенімді қалар едіңіз?
|
2
|
Қосарлы сұрақ
|
Жауаптағы сөйлемнің белгілі бір мүшесіне қойылатын сұрақ
|
Сабырлы деген сипатты қандай белгісіне қарап бердіңіз?
|
3
|
Қабаттасқан сұрақ
|
Әр септікте келеген екі сұрау есімдігі бар сұрақ
|
Кейіпкер несін тану үшін неге жүгінесіз?
|
4
|
Жанама сұрақ
|
Төлеу сөз ретінде берілген сұрақ
|
Бұл әрекет шынайы сезімнен тұратынын білдірді дедің бе?
|
5
|
Риторикалық сұрақ
|
Тыңдаушының ерекше назарын аудару үшін не эмоционалдылықты баса көрсету үшін болымды не болымсыз сөйлемге сұрақ формасын беру
|
Мақсатқа тура жетудің құпиясын қалай анықтаймыз?
|
6
|
Бағытты басқа арнаға бұратын сұрақ
|
Біржақты қалыптасып жатқан немесе теріс бағытта кетіп жатқан жағдайды түзеуге бағытталған сұрақтар
|
Ол жақсы атану үшін өз ұстанымынан қайтуы тиіс пе?
|
7
|
Төпелеме сұрақтар
|
Бірнеше сұрақ бірінің үстіне бірі қойылады
|
Қай кейіпкерді таңдадың? Оны таңдауға не себеп болды?
Сенің таңдауыңмен басқалар келіседі деп ойлайсың ба?
|
8
|
Шолу сұрағы
|
Берілген көлемді ақпарат туралы жалпы білімін тексеруге бағытталады, мұнда мазмұн мен мағынаға емес, сыртқы формаға назар аударылады
|
Мәтіннің көлемі қанша?
Ол қанша абзацтан тұрады?
|
9
|
Байланыссыз сұрақтар
|
Назарды шоғырландырып, оқушының қызығушылығын арттыруға бағытталады да бір-біріне байланыспайтын түрлі тақырыптарда қойылады. Жауап берушінің зейінін шоғырландыруға тез ықпал етуді көздейді?
|
Бүгінгі ауаның райы қалай құбылып тұр?
Осы сынып бөлмесінің ұзындығы қанша деп ойлайсың?
Жанаттың сабаққа келмеу себебі неден екен?
Жайылма сөйлемдерде қандай мүшелердің қатысуы керек?
|
10
|
Емеурін сұрақтар
|
Сұрақтардың мазмұны толық айтылмайды. Мұнда жауап беруші сұрақ қоюшының қандай мәселені сұрағысы келіп тұрғанын өзі айқындай білуі керек.
|
Сөз таптарына топтастыруда (сөздердің қандай қасеиеттері негізге алынады)?
Өнімді сұрақ деп (деп аталу себебі неде)?
|