Тақырып:«Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» БӨЖ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті Орындаған:Тохтанмурат С
Қабылдаған: Раушан Джаппарова
Тобы:204f
жоспары
1. Жастар әлеуметтік-демократиялық ерекше категория ретінде.
2.Жастар әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы ретінде: пәні, объектісі, мақсаты, міндеті.
3.Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан және әлемдік тәжірибе.
4.Қазіргі жастардың құндылық бағыттары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»14.04.2017 ж. атты мақаласында айтылған … жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс.
Жастар социологиясы– жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.
Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970 жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұл осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті. Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.
Сәтті әлеуметтенудің нәтижесі әлеуметтік байланыстар, қоғамдық қатынастар және жалпы жұртпен қабылданған мәдени құндылықтар орнату мен оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін нормаланған әлеуметтенумен түсіндіріледі. Әлеуметтену нормасы индивидуальды деңгейде бұл – адамның жас ерекшелігі және индивидуальды-психологиялық сипаттамаларын ескеріп жан-жақты әлеуметтенуіні.
Ал қоғамдық деңгейде ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды берудің ережелерінің қалыптасқан жиынтығы.