Әлеуметтену нормасы әлеуметтік нормамен тығыз байланысты. Әлеуметтік нормаларға индивидтің бейімделуі мен интериоризациясымен жүзеге асады.
Ковалева А.И әлеуметтену нормасы 3 түрлі типін көрсетеді: идеальды; нормативті, шынайы жағдай .
Әлеуметтену нормасының идеалды типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идеалдармен анықталады. Бұл – шынайы жағдайдан алыс, бірақ соған жақындастырылған тип. Көбіне манифест, саяси бағдарламалар, т.б. құжаттарда идеологиялық немесе тәрбиелеу мақсаттарында идеалды тип әлеуметтенуі қолданылады.
Нормативті әлеуметтену индивидтің қандай болуы керек, оған сәйкесінше әлеуметтік институттар индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.
Шынайы әлеуметтену – қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы мүмкін. Ол адамның қоғамдағы оры, әлеуметтік мәртебесі, құндылығы, т.б. сияқты объетивті немесе субъективті себептердің әсері болады.
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.
Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.
Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.
Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.
Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары;
жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі,
жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі,
құндылықтық танымдардағы өзгерістер,
жастардың бейрәсми бірлестіктері,
жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.
Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты.