Вексельдің мәні және оның түрлері қандай ? Вексель дегеніміз – белгілі бір ақшалай кіріс алуға арналған құқықты куәландыратын айрықша құнды қағаз.
Вексельдер коммерциялық және қаржылық деп аталатын топтарға бөлінеді. Коммерциялық вексель нақтылы тауарлық келісім-шартты білдіреді. Ал қаржылық вексель – қарыз қаржы алғаны туралы өзіндік сенімхат. Коммерциялық вексель сатушының сатып алушыға өз тауарын бергені және қызмет көрсеткенін дәлелдейтін бір жолғы құрал ретінде қаржылық жүйеде кеңінен қолданылады. Вексель өзіне несиелік және есеп айырысу сияқты функцияларды шоғырландырады.
Вексельдердің қарапайым және аударма деп аталатын түрлері бар. Қарапайым вексельді сатып алушының өзінің тауарларды сатушыға оның төлемін кейінге қалдыруға еркі барын сендіретін құқығы бар. Аударма вексель – көмегі арқылы қарызгер өзінің жеке борыштарынан құтылады, есеп айырысады.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” Заңында вексельді пайдаланудың тәртібі және вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған.
Қазақстанда вексель айгалысы жай және аударым коммерциялық вексельдерін шығаруды, ол бойынша талап ету құқығын беруді қамтиды.
Индоссамент – ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығынығ басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.
Аваль дегеніміз – вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Ал вексель төлеміне берілетін жазбаша келісімді – акцепт деп атайды. Төлем төлеуші акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады.
Облигацияның мәні және оның түрлері қандай ? Облигация – құнды қағаздардың бір түрі. Ол – корпорацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін мақұлдайтын құжат. Облтгация көмегімен жинақталғанкапитал акционерлік капитал бола алмайды. Облигация шығару – капиталдық қарыздың бір нысаны.
Облигацияның да өзіне тін ерекшеліктері бар.
Облигацияны иеленуші корпорацияның акционерлік қоғамның несиешісі болып табылады.
Облигация иеленуші ол бойынша тиісінше пайыз алады, пайыздық төлем әдеттегі барлық төлемдерден бұрын беріледі.
Корпорацияның, акционерлік қоғамның облигациялары қарыздың мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Ол мерзім бір жылдан жеті дылға дейінгі мерзімге арналған.
Облигациялар өзінің түріне қарай баламалы және әдеттегі болып бөлінеді. Баламалы облигация артықшылықты сипаттағы акцияға ұқсас, белгілі жағдайда корпорацияның, акционерлік қоғамның артықшылықты немесе кәдімгі акцияларына алмастырылуы мүмкін. Ал кәдімгі түрдегі облигацияның мұндай құқығы жоқ.
Облигацияның акция сияқты нақты және нарықтық бағасы болады.
Сонымен қатар, облигацияның сериялы (көп даналы), кірісті, тіркелген, жоғары сыныпты, купондық, кепілдік, үкіметтік, сақтық деп аталатын түрлері бар. Осылардың қайсысы болмасын бағалы қағаздар рөлін атқарады.