Тақырыптар, және олардын мазмуны


Құнды қағаздар нарығының құрылымы қандай ?



бет19/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
sciPaper56656

Құнды қағаздар нарығының құрылымы қандай ?
Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарғы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Құнды қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығын қалыптастырады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық миханизмі, немесе құнды қағаздары кез келегн уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толығырақ дамуына толығырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығнда құнды қағаздардың биржалық айналымы және бирадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады. »Биржалық айналым» ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келісім түрінде сату- сатып алу саудасы «құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.
Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.
Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың акциясы биржалық бағамдама (котировка) алғаннның немесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Фрманң биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан нарықта өз орынн алуын білдіреді.
Мысал ретінде қағадарын бағалама (котировкаға) ұсынған фирмалар үшін белгіленген Нью-Йорк биржасынң тәртіп-талаптарын келтіруге болады. Қағаздарын биржада тіркеп бағамдама алу үшін фирма:

  1. 29, 350 доллар кіру жарнасын және әрбір жеке акция бойынша қосымша төлем төлейді.

  2. Жыл сайын айналмға алынған акциялардың санына қарй биржаның бағдарламалық қызметі үшін 11, 750 –58, 700 долларға дейін комиссиялық төлем төлейді. 1982 жылдан бастап жоғарыдағылардан басқа тағы қосымша талаптар анықталған. Олар:

  3. Компанияның әрбіреуіне 100-ден кем емес акциялары бар 2 мың акционері болуы қажет.

  4. Компания жеке акционерлер иелік ететін 1 млн қарапайым акцияны айналмға шығаруға міндетті.

  5. Инвесторлардың қолындағы акциялардың нарықтық құны 16 млн доллордан кем болмау қажет.

  6. Соңғы екі жылда компанияның жылдық табысы 2,5 млн доллардан кем болмауы қажет.

  7. Компанияның мүлкі 16 млн доллардан кем болмауы қажет.

Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.
Кейбір фирмалардың қағаздары биржада да, биржадан тыс айналымда да болады.
Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарықққа кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.
Биржадан сырт айналым жүйесінде компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Дилерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атыныан және өз есебіне іскерлік жасайды.
Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушлар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынсын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары Деңгейге орталықтанған нарық атқара алады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:

  1. тұрақты және ұйымдастырылған тұрде қызмет атқарады;

  2. сауда келісімдері тауарсыз жүргізіледі;

  3. іскерлік келісімдер бірін-бірі алмастыратын, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.

Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:

  1. құнды қағаздарды алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіреді, құнды қағаздарды сату және стып алу орны болады.

  2. Құнды қағаздар бағамын (курсын) тіркейді, ұсынылған акциялар мен облигациялар түрлеріне қалыптасқан сұранымды жинақтайды және оның орташа мәнін анқтайды.

  3. Капиталды бір өндіріс түрінен (орнынан) екіншісіне ауыстыратын механизм қызметін атқарады.

  4. Жалпы елдегі және жеке өндіріс салаларындағы іскерлік белсенділікті көрсететін құрал (барометр) болады.

Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрлмдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарды.
Биржаның көрсеткіш индекстері құнды қағаздар нарығын жалпы жағдайда өлшеп сипатттайды. Олар әлемнің ең ірі биржаларындағы акция бағамының (курсының) қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Батыс елдерінің экономикалық мәлімет беретін барлық құралдарында күнделікті жарияланып тұратын ең белгілі көрсеткіші- «Доу-Джонс индексі» деп аталады. Бұл көрсеткішті 1897 ж. американдықтар У. Доу мен Э. Джонс алғаш есептеп шығарған. Бұл индекс Нью-йорк қор биржасында айналатын өнеркәсіп және транспорт акциялары бойынша есептеледі. 1929 ж. бастап тұрмыстық ықзмет көсететін акциялары үшін де есептелетін болғаны. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны біріншісі, ең ірі 30 өнеркәсіп компаниялары бойынша есептелетін индекс.
Ұлыбританияда «Файнэшл Таймс» газеті мен Лондон қор биржасының индексі FT- SE белгілі. Бұлар ең ірі Европа компанияларының акциялар бойынша
Жалпы не бүкіләлемдік индекс: РТ –А WORLD INDEX. Соңғысы әлемнің 24 елінің 2212 акцияларын (компанияларын) қамтиды.
Жапонияда 225 компанияның акциялары бойынша “Никкей” деп аталатын индекс есептеліп жарияланады. Гонконгте 33 компанияның акциялары бойынша “Хэнг-Сенг» индексі есептеліп шығарылып тұрады.
Қор индекстері нарық жағдайына жалпы суреттемесін береді, сонымен бірге олар экономикалық болжамдар жасау үшін де қолданылады.
Алғаш қор биржасы 1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды. Сол кезде құнды қағаздардың кесімді бағасының құндық өлшеміне күміс жүрді.
Қор биржасының басты міндеті – артық ақша қаражатын құнды қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс істейді, құнды қағаздар айналысын ұйымдастырады.
Биржаның басқару органдары:биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы;байқаушы орган – биржа кеңесі;орындаушы орган – басқарма;бақылаушы орган – түгендеу комиссиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет