Ақша нарығы дегеніміз не және оның маңызы қандай ? Ақша нарығы дегеніміз – ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).
Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.
Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар:
Дисконттық нарық;
Банкаралық нарық;
Валюталық нарық;
Депозиттік сертификаттар нарығы.
Дисконттық нарық – бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.
Банкаралық несие – ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі.
“РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады.
Еуровалюта нарығы – қысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар.
Сонымен қатар дамыған елдерде ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.
Депозиттік сертификат дегеніміз– ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.